31-ші Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

1-3 ҚЫРКҮЙЕК 2027

 

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

31-ші Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

1-3 ҚЫРКҮЙЕК 2027

 

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

KIOGE 2026 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МАУСЫМДЫ АШТЫ: МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ ҮШІН 30 ЖЫЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГ, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР

30 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЛМАТЫДА 30-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ — KIOGE 2026 ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

kioge26 1st 21

Мерейтойлық іс-шара мемлекеттік құрылымдардың, ірі ұлттық және халықаралық компаниялардың, салалық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының, жабдық өндірушілерінің және технологиялық шешімдерді жеткізушілердің өкілдерін біріктірді. Үш күн бойы KIOGE кәсіби диалог, озық әзірлемелерді таныстыру және мұнай-газ саласының стратегиялық бағыттарын талқылау алаңы болады.

Үш онжылдық ішінде KIOGE мемлекет, бизнес және кәсіби қауымдастықтың мүдделерін біріктіретін тұрақты халықаралық іскерлік экожүйені қалыптастырды. Мерейтойлық жылдың ауқымын іс-шараның кең географиясы растайды: KIOGE 2026 әлемнің 58 елінің өкілдерін біріктіреді. Қатысушы елдер қатарында — Австралия, Австрия, Әзербайжан, Армения, Бангладеш, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Мысыр, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Камерун, Канада, Катар, Қытай, Кипр, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Малайзия, Монако, Нигерия, Нидерланд, Норвегия, БАӘ, Оман, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур, АҚШ, Танзания, Таиланд, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Эстония, Оңтүстік Корея және Жапония.

ҚІЫО «Атакенттің» 7, 8, 9, 10 және 11 павильондарында орналасқан экспозиция 501 компанияны біріктірді. Қазақстанды 187 компания, тағы 314 қатысушыны халықаралық кәсіпорындар ұсынады. Сонымен қатар, экспоненттердің 34%-ы KIOGE көрмесіне алғаш рет қатысып отыр, бұл қатысушылар құрамының кеңейіп, бизнестің Қазақстанның мұнай-газ нарығына деген қызығушылығының сақталып отырғанын көрсетеді. Ұлттық топтар Австрия, Германия, Үндістан, Италия, Қытай және Ресей тарапынан ұсынылған.

Күннің бірінші жартысындағы басты оқиға көрменің салтанатты ашылу рәсімі болды, одан кейін мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі ұлттық және халықаралық мұнай-газ компаниялары мен салалық ұйымдардың басшылары қатысқан VIP-тур өтті.

kioge26 1st 17

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне: Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров; Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейль Мохамед Әл Мазруи; «QazaqGaz»ҰК» АҚ басқарма төрағасы  Әлібек Жамауов; «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Eсқазиев; Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Вице-ПрезидентІ Жанболат Сәрсенов; «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры Билли Лакоби; KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Серікқали Брекешев; «ҚІЫО«Атакент» АҚ Президенті Дмитрий Шенбергер; Iteca көрме компаниясының негізін қалаушы Эдвард Строон қатысты.

VIP-тур барысында құрметті қонақтар қатысушылардың экспозицияларымен танысып, мұнай-газ секторы үшін ұсынылған технологиялық әзірлемелерді, жабдықтар мен кешенді шешімдерді көрді.

KIOGE көрмесінің жеке бағыты — №8 павильонның конференц-залында өтетін іскерлік бағдарлама. Жалпы алғанда, бағдарлама мамандар үшін еркін қатысуға болатын сегізден астам сессияны қамтиды. Бүгін, 30 қыркүйекте, LMP Project Group CA, KSP STEEL және «QazaqGaz»ҰК» АҚ компанияларының семинарлары өтті. Ертең, 1 қазанда, іскерлік бағдарлама «Топан», NCOC, KPO және «Теңізшевройл» компанияларының семинарларымен жалғасады. Жеке іс-шара ретінде мұнай сервистік компаниялардың өкілдеріне арналған 2028 жылғы 11–15 маусымда Астанада өтетін XXVI WPC Energy конгресінің презентациясы өтеді.

ҚІЫО «Атакент» аумағындағы іс-шаралармен қатар KIOGE-нің стратегиялық құрамдас бөлігін «Мұнай және Газ» 30-шы мерейтойлық халықаралық конференциясы қалыптастырады. Конференция The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде «Мегажобалардан нарықтағы көшбасшылыққа: жаһандық энергетикалық қоспадағы Қазақстан» жалпы тұжырымдамасы аясында өтуде. Биыл конференцияға 620 делегат қатысып, спикерлер географиясы 12 елді — Әзербайжан, Ұлыбритания, Италия, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Малайзия, Нидерланд, БАӘ, Польша, АҚШ және Өзбекстанды қамтыды. Кәсіби өзара іс-қимылдың практикалық құрамдас бөлігі тікелей келіссөздер форматымен күшейтілді: 280-нен астам B2B және G2B кездесулер өткізу жоспарланған.

Конференцияның алғашқы күніндегі негізгі оқиға «Жаһандық интеграция: Қазақстанның жаңа энергетикалық тізбектердегі рөлі» атты пленарлық отырыс болды. Талқылаудың басты тақырыптары — Қазақстанның 2030+ жаһандық энергетикалық күн тәртібіндегі позициясы, тұрақты әрі әртараптандырылған энергетикалық теңгерімді қалыптастырудағы халықаралық ынтымақтастық, технологиялық серіктестіктерді дамыту, энергетикалық көшу жағдайындағы маңызды минералдардың маңызы, сондай-ақ upstream, midstream және downstream сегменттерінде қосылған құнды қалыптастыру перспективалары.

Пленарлық алаң бейінді ведомстволардың, салалық бірлестіктердің, ұлттық және халықаралық компаниялардың басшыларын біріктірді. Мемлекеттік және корпоративтік сектор өкілдерінің қатысуы энергетикалық нарықтардың трансформациясын мемлекеттік саясат, халықаралық ынтымақтастық, инвестициялық басымдықтар және бизнестің практикалық қажеттіліктері тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік берді.

Өзінің құттықтау сөзінде : Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров: «Қазақстанда ресурстар бар. Инфрақұрылым бар. Халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі бар. Алайда болашақтың басты бәсекелестік артықшылығы білім, технологиялар және бүгін қабылданып жатқан шешімдер үшін жауапкершілік болуы тиіс. 2026 жылы қабылдайтын шешімдеріміз 2035–2040 жылдардағы және одан кейінгі кезеңдегі саланың жағдайын айқындайды. Сондықтан бүгін біз қазіргі өндіру көлемінен, қолданыстағы келісімшарттардан және нарықтың ағымдағы конъюнктурасынан тысқары көзқарас танытуымыз қажет», — деп атап өтті.

kioge26 1st 09

Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейль Мохамед Әл Мазруи өз сөзінде: «Біз бәріміз тұрақты болуымыз және дамудың баламалы нұсқаларын қарастыруымыз қажет, өйткені әңгіме бір немесе екі елге әсер ету туралы емес — жаһандық әсер туралы болып отыр. Бүгінде елдер бұл туралы жай ғана ойлап қоймай, көмірсутектердің бір бөлігін, ал кейбір жағдайларда бүкіл көлемін бірнеше бағыт бойынша экспорттауға мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруда. Алайда баламалы бағыттарды құрумен қатар, аса маңызды мәселе — аса маңызды инфрақұрылымның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бірінші кезекте бұл тұрақтылық, резервтеу және баламалардың болуына қатысты. Үшіншіден, біз елдер арасында бұрынғыдан әлдеқайда тығыз ынтымақтастық орнатуымыз қажет», — деп атап өтті.

Пленарлық бағдарлама аясында Baker Hughes пен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі де өтті. Қол қою технологиялық өзара іс-қимылды және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге бағытталған күн тәртібінің практикалық жалғасы болды.

Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы бір мезгілде бірнеше тақырыптық алаңда жалғасты. «Интеллектуалды Upstream: сейсмикадан ұңғымаға дейін» атты стратегиялық сессия геологиялық барлауды дамытуға, заманауи бұрғылау технологияларына, цифрлық геологияға және барлау мен өндіру процестеріне жасанды интеллектіні енгізуге арналды. Сонымен қатар «Экспорттық логистика және бағыттар геосаясаты» атты сессия аясында сарапшылар экспорт бағыттарын әртараптандыруды, көлік тізбектерінің тұрақтылығын және Орта дәліздің перспективаларын талқылады. Бағдарламаны KAZENERGY Ұлттық энергетикалық баяндамасының презентациясы және декарбонизация, экологиялық реттеу және инвестициялар мәселелерін қамтыған «Төмен көміртекті даму, ESG және климаттық реттеу – жаңа стандарттар» атты панельдік сессия жалғастырды. Технологиялық күн тәртібін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні практикалық қолдануға арналған «Мұнай-газ саласындағы цифрлық трансформацияның практикалық кейстері: ЖИ, автоматтандыру, жаңа технологиялар» атты шоукейс толықтырды. Бағдарламаны өндірістік әлеуетті дамытуға және салалық кооперацияға бағытталған «Мұнай-газ машина жасау және мұнай-химия» атты панельдік сессия қорытындылады.

Осылайша, KIOGE 2026 көрмесінің алғашқы күні халықаралық энергетикалық интеграция мен экспорттық инфрақұрылымды дамытудан бастап геологиялық барлау, цифрландыру, жасанды интеллект, төмен көміртекті трансформация, мұнай-химия және өнеркәсіптік кооперацияға дейінгі көпқырлы кәсіби күн тәртібін қалыптастырды.

Ертең, 1 қазанда, конференцияның іскерлік бағдарламасы «Газ және газ химиясы: құнды қайта өңдеу стратегиясы» атты стратегиялық сессиямен, «Сала аңыздары: сын-қатерлер мен жеңістер туралы»» атты панельдік сессиямен, GR Hub Kazakhstan «GR под ключ» атты іскерлік ойынмен, «Қазақстанның энергетикалық болашағы: инвестициялар, нарықтар және энергетикалық көшу» атты пікірталаспен, сондай-ақ «Тұрақты негіз жоқ: қарама-қайшы басымдықтар арасында тепе-теңдікті қалай табуға және белгісіздік әлемінде табысқа қалай жетуге болады» атты PR & HR бизнес-симуляциясымен жалғасады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, ҰКП «Атамекен», «KAZENERGY Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, PSA, IMBC, Energy Monitor, KazService және PETROCOUNCIL.KZ ресми қолдау көрсетеді. Бас серіктестер — «ҚазМұнайГаз» және «Теңізшевройл», алтын серіктестер — QazaqGaz, NCOC және KPO, күміс серіктестер — Каспий Құбыр Консорциумы, Eni, Solar Turbines, AB Tec және CNPC, қола серіктестер — Shell, Honeywell, Eurasian Machinery, AVC Group, Mercedes, TAQA, ГМС және WoodKSS.

KIOGE 2026 көрмесін қазақстандық Iteca көрме компаниясы халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.

KIOGE 2026 2 қазанға дейін КЦДС «Атакентте» жұмысын жалғастырады, 30 жыл ішінде жинақталған салалық тәжірибені жаңа технологиялармен, халықаралық ынтымақтастықпен және өзекті энергетикалық күн тәртібімен біріктіреді.

www.kioge.kz