31-ші Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

1-3 ҚЫРКҮЙЕК 2027

 

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

31-ші Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

1-3 ҚЫРКҮЙЕК 2027

 

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

KIOGE-ГЕ 30 ЖЫЛ: ІРІ МҰНАЙ-ГАЗ ЖОБАЛАРЫНАН ЖАҢА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТІЗБЕКТЕРГЕ, ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ДЕЙІН

2026 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 2 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» 30-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІ – KIOGE 2026 ӨТЕДІ.  

Отыз жыл бойы бұл жоба мемлекеттік құрылымдарды, ұлттық және халықаралық компанияларды, ірі жоба операторларын, жабдық өндірушілерді, технология жеткізушілерді және мұнай-сервис ұйымдарын біріктіретін мұнай-газ саласының негізгі кәсіби алаңдарының бірі болып келеді. 

Мерейтойлық жылы көрменің халықаралық ауқымы кеңейе түседі. KIOGE 2026 экспозициясы 30 елден 500-ден астам компанияны біріктіреді. Олардың қатарында Аустрия, Әзірбайжан, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Малайзия, Нидерланд, Оман, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур, Түркия және Ұлыбритания бар. 

Көрмеге алғаш рет A&B Technology, ATV Kazakhstan, Terranova Kazakhstan, Temir Paint, Corrocoat Caspian, Maqsad Petroleum, MIS Kazakhstan, Chemelex, Beruseal Caspian, Регент KZ, Энергоскан, Этус және басқа да компаниялар қатысады. Бұл көрме алаңында ұсынылатын технологиялар, өнімдер мен салалық шешімдердің ауқымын одан әрі кеңейтеді. 

Көрменің маңызды құрамдас бөлігі 8-павильонның конференц-залында өтетін тәжірибелік іскерлік бағдарлама болмақ. 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері компаниялар технологиялық шешімдерді, тәжірибелік кейстерді, сатып алу бағдарламаларын және мұнай-газ секторымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырады. Семинарлар бағдарламасы аясында LMP Project Group CA EPC жобаларында қауіпсіз ЖИ-агенттерін қолдану туралы, KSP STEEL ұңғымалардың өнімділігін арттыру технологиялары туралы, ал Топан мұнай мен газды өңдеу үдерістерін интеллектуалды оңтайландыру туралы баяндайды. NCOC сатып алу және жеткізушілерді біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша бағалау мәселелерін таныстырады, ал WPC Energy 2028 жылғы 11–15 маусымда Астанада өтетін XXVI WPC Energy конгресінің таныстырылымын өткізеді. KPO және Теңізшевройл отандық жеткізушілерге арналған мүмкіндіктер мен сатып алудың өзекті бағыттарын ұсынады. 

30-шы мерейтойлық KIOGE халықаралық конференциясы 

Кәсіби күн тәртібінің басты оқиғасы 30-шы мерейтойлық KIOGE халықаралық конференциясы болмақ. Ол 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақүйінде «Мегажобалардан нарықтағы көшбасшылыққа дейін: жаһандық энергетикалық теңгерімдегі Қазақстан» атты жалпы тақырып аясында өтеді. Бағдарлама Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтың өзгеріп жатқан құрылымындағы стратегиялық рөліне, ірі жобаларды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа және жаңа технологияларды енгізуге бағытталады. 

Мерейтойлық конференцияның ерекшелігі Орта Азия елдері министрлерінің қатысуымен өтетін стратегиялық диалог, Ұлттық энергетикалық баяндама таныстырылымы, мұнай-газ саласының аңыз тұлғалары қатысатын арнайы сессия, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен оператор компаниялар басшыларымен кездесулер болмақ. Геологиялық барлау, газ және мұнай-газ химиясы, жасанды интеллект, ESG, логистика және саланы трансформациялаудың басқа да бағыттарына ерекше назар аударылады. 

30 қыркүйекте кәсіби күн тәртібінің басты бағыттары мыналар болады: 

  • «Жаһандық интеграция: Қазақстанның жаңа энергетикалық тізбектердегі рөлі» атты пленарлық отырыста Қазақстанның 2030 жылдан кейінгі жаһандық энергетикалық күн тәртібіндегі рөлі, халықаралық технологиялық әріптестік, аса маңызды минералдар және upstream, midstream және downstream секторларында қосылған құн қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылады; 
  • «Интеллектуалды upstream: сейсмикалық барлаудан ұңғымаға дейін» атты стратегиялық сессия геологиялық барлауды, цифрлық технологияларды дамытуға және барлау мен өндіру кезеңдерінде жасанды интеллектіні қолдануға арналады; 
  • «Экспорттық логистика және бағыттар геосаясаты» атты панельдік сессияда сарапшылар қолданыстағы және баламалы экспорттық бағыттарды, сондай-ақ Қазақстанның өңірлік энергия экспорты жүйесіндегі рөлін нығайту перспективаларын қарастырады; 
  • «Мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялаудың тәжірибелік кейстері: ЖИ, автоматтандыру және жаңа технологиялар» атты шоукейсте өндірістік үдерістерде жасанды интеллектіні, автоматтандыруды және цифрлық шешімдерді қолданудың нақты мысалдары ұсынылады; 
  • «Төмен көміртекті даму, ESG және климаттық реттеу – жаңа стандарттар» атты панельдік сессия көміртегі бейтараптығы, экологиялық реттеу және төмен көміртекті жобаларға инвестиция тарту мәселелерін қамтиды; 
  • «Мұнай-газ машина жасау және мұнай химиясы» атты панельдік пікірталас барысында қатысушылар мұнай-газ кешенінің осы бағыттарын дамытудың өзекті мәселелерін қарастырады. 

Бірінші күн марапаттау рәсімімен және жобаның 30 жылдық тарихына арналған KIOGE мерейтойлық фильмінің көрсетілімімен аяқталады. 

1 қазанда бағдарлама мынадай бағыттар бойынша жалғасады: 

  • «Газ және газ химиясы: құнды қайта өңдеу стратегиясы» атты стратегиялық сессия газ өңдеу мен газ-химия жобаларын, инфрақұрылымды, газ генерациясын және инвестициялық тетіктерді дамытуға арналады; 
  • Күннің маңызды оқиғаларының бірі дипломатиялық корпус пен халықаралық компаниялар басшыларына арналған WPC Energy таныстырылымы болмақ; 
  • «Ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздік стратегиясындағы атом энергетикасы» атты панельдік сессияда энергия теңгеріміндегі атом генерациясының рөлі, технологияларды таңдау, оқшаулау және саланың жаңа жобаларды іске асыруға дайындығы талқыланады; 
  • ENERGY MIX & POLICY панельдік сессиясы энергетикалық теңгерімді дамыту және салалық саясатты одан әрі қалыптастыру мәселелеріне бағытталады; 
  • «GR толық циклі» тәжірибелік блогы – GR Hub Kazakhstan ұйымдастыратын іскерлік ойын бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру және GR функциясын корпоративтік стратегияға енгізу тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік береді; 
  • «Сала аңыздары: сын-қатерлер мен жеңістер туралы» атты мерейтойлық сессия аясында мұнай-газ кешенінің ардагерлері өз тәжірибесімен және саланың одан әрі дамуына қатысты көзқарастарымен бөліседі;   
  • Harvard Business Impact-пен бірлесіп ұйымдастырылатын «Берік негізсіз – жаңа шынайылық: тұрақсыздық, өзгерістер және жасанды интеллект әлемінде көшбасшы қалай басқаруы керек?» атты PR & HR бизнес-симуляциясы өзгерістер мен ЖИ дамуы жағдайындағы көшбасшылық пен басқарудың жаңа тәсілдеріне арналады. 

Мерейтойлық KIOGE 2026 халықаралық экспозицияны, тәжірибелік тәжірибе алмасуды және жоғары деңгейдегі стратегиялық диалогті біріктіріп, мұнай-газ және энергетика кешенінің перспективаларын талқылауға, заманауи технологияларды таныстыруға, іскерлік байланыстарды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыруға арналған алаң ұсынады. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, PSA, IMBC, Energy Monitor, Қазақстанның KazService мұнай-сервис компанияларының одағы және PETROCOUNCIL.KZ мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесі ресми қолдау көрсетеді. 

KIOGE 2026 көрмесін қазақстандық Iteca көрме компаниясы халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.