KIOGE 2024: ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ АЯСЫНДА МҰНАЙ-ГАЗ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
2024 ЖЫЛДЫҢ 25-27 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЕҢ ІРІ САЛАЛЫҚ ІС-ШАРА – 29-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» - KIOGE 2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Мұнай-газ саласының даму қарқыны соңғы жылдары елімізде мұнай мен газ өндіру тұрақты өсіп келе жатқандығымен расталуда. ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстан 2024 жылы 95,4 млн тонна мұнай және 60 млрд м3 газ өндіруді жоспарлап отыр. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дайын мұнай өнімдерін сату бойынша көшбасшылардың бірі болуы тиіс деген пікір айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл Үкіметтің алдағы жылдарға арналған негізгі міндеттерінің бірі. Сондай-ақ Президент инновацияларды енгізу, шикізатты өндіру және одан әрі өңдеу процесінің экологиялық тазалығын арттыру қажеттігін атап өтті. KIOGE 2024 Орталық Азия өңіріндегі маңызды мұнай-газ шараларының бірі бола отырып, Қазақстанның мұнай-газ саласының өзекті тақырыптарын жариялау және талқылау, «ақылды» технологияларды көрсету және мұнай өндіру процестеріне цифрландыруды енгізу алаңы болып саналады. Дәстүр бойынша KIOGE алаңы көрме мен конференциямен ұсынылады.
2024 экспозициясы - әлемнің түкпір-түкпірінен салалық инновациялар
Үздік инновациялық шешімдер мен мұнай-газ саласы өнімдерінің кең спектрін 15 елден 200-ден астам компания таныстырады. Канада, Германия, Қытай, Ресей, Түркиядан қатысушылар өздерін ұлттық стендтер арқылы ұсынады. Дәстүр бойынша өз стендтерін ірі мұнай-газ өндіруші компаниялар, мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі компаниялар, мұнай сервистік компаниялар, мұнай-газ жабдықтарын, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдарын, автоматтандыру және бақылау-өлшеу аспаптарының өндірушілері ұсынады.
2022 жылдың сәтті нәтижелерін, көрме экспозициясына 45 елден 4 402 бірегей келуші келіп, 196 компания экспоненттер атанғанын ескере отырып, KIOGE 2024 экспо-шарасы жергілікті және шетелдік нарықтардағы мұнай және газ саласының тұрақты ілгерілеуіне бағытталған озық тәжірибелермен, стратегиялармен және бірегей технологиялармен алмасу үшін таптырмас алаң болуға уәде береді. Сондай-ақ, көрмеде аясында семинар аймағы ұйымдастырылады, онда қатысушы компаниялар мұнай және газ саласының мамандары үшін бірқатар оқыту семинарларын өткізеді, осылайша қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттырады.
KIOGE 2024 конференциясы - жаңа өткізілетін орын
25-26 қыркүйек аралығында, KIOGE конференциясының жұмыс күндері, спикерлер мен делегаттар өз тәжірибелерімен бөліседі, саланың жаңа жобаларын іске асыруды және халықаралық әріптестік перспективаларын талқылайды. Жыл сайын іс-шараны ұйымдастырушылар конференцияны одан да нәтижелі етуге ұмтыла отырып, қатысу және болу шарттарын жетілдіреді. Сондықтан ұйымдастырушылар жаңа орын таңдады. KIOGE 2024 конференциясы қаланың ең биік ғимаратында – The Ritz-Carlton қонақүйінде өтеді, оның конференц-залдары спикерлерге өз істері мен баяндамаларын толық көлемде ұсынуға мүмкіндік беретін барлық соңғы техникалық талаптарға жауап береді. Қала орталығында барлық қажетті инфрақұрылым қарастырылған, бұл конференцияға қатысушылар мен делегаттар үшін маңызды.
Ал, Алатаудың керемет таулары мен Алматының серпінді қалалық ландшафтының керемет көріністері шабыттандырады және ерекше әсер қалдырады.
Конференцияның сатылымының басталуы арнайы ұсыныспен белгіленді - шектеулі орындар саны (100-ден астам) және ерте тарифтің эксклюзивті бағалары. Бұл тиімді шарттар бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы саласының маңызды іс-шарасына қосылудың бірегей мүмкіндігі.
KIOGE конференциясының бағдарламасы
Бірінші күннің, 25 қыркүйек, бағдарламасында халықаралық деңгейде энергетикалық жобаларды инвестициялау және іске асыру тақырыптары талқыланады, ал 26 қыркүйек контенті саладағы ақпараттық технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша пікірталастарды қамтиды. Қызықты бағдарлама аясында қатысушыларды: пленарлық отырыс, панельдік, сараптамалық және стратегиялық сессиялар, сондай-ақ панельдік пікірталастар күтеді.
Конференцияның ардаты қонақтары мен спикерлері ретінде 15 серіктес елдердің салалық министрлері, ұлттық компаниялардың басшылары, сарапшы-талдаушылар және саланың озық компанияларының мамандары шақырылды.
ITECA.EVENTS байланыс платформасы
Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау және ең өзекті ақпаратты оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «КАЗЭНЕРДЖИ» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы, Қазақстандық мұнайшылар-геологтар қоғамы (КОНГ), PETROCOUNCIL – мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес ресми қолдау көрсетті.
Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.