30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

KIOGE-2022: ТРАНСФОРМАЦИЯ-БОЛАШАҚТА МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ КІЛТІ

KIOGE-2022 28-ші Қазақстандық халықаралық көрме мен «Мұнай және Газ» конференциясының кең аудиториясы 28-30 қыркүйек аралығында «Атакент» КІЫО аумағында кездеседі. Дәстүр бойынша ірі салалық іс-шара Алматы қаласында ұйымдастырылып, сала міндеттерін талқылау, шешімдер іздеу және ең жоғары деңгейде кәсіби нетворкинг құру үшін түрлі елдердің ірі компанияларының сарапшылары мен өкілдерін жинайды.

Көп жылдан бері KIOGE Қазақстан мен таяу шетелдердің жетекші компаниялары, салалық одақтар мен қауымдастықтар, мемлекеттік құрылымдар өкілдері үшін тиімді алаң болып табылады. Конференцияға қатысушылар саланың ағымдағы міндеттерін бағалауға және жылдам әрі ауқымды өзгерістер кезеңінде қандай сценарийлер барынша тиімді болатынын анықтауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, KIOGE алаңы кәсіпқойларға сараптамалық тәжірибемен алмасуға және саланың ірі ойыншыларының енгізілген кейстерінің мысалында енгізілген өзгерістерді уақтылы беретін артықшылықтарды көруге көмектеседі. KIOGE көрмесінің экспоненттері офлайн форматта жетекші өндіруші, мұнай-газ және мұнай сервистік компаниялардан мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар үшін ең жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық әзірлемелерді ұсына алады. 2022 жылғы экспозицияға Әзірбайжан, Бахрейн, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Малайзия, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея және Жапониядан 150-ден астам компания қатысуда. Дәстүр бойынша KIOGE халықаралық компаниялардың Қазақстан нарығына шығуы үшін өңірлік хабқа айналады, Германия мен Малайзияның компаниялары Ұлттық топтармен өнер көрсетеді, ал Ресейдің бірқатар өңірлері Ұжымдық стендтер құрайды. Шараға қызығушылық қатысушылар арасында жыл сайын артып келеді, қатысушылардың 30%-дан астамы алғаш рет стендпен көрмеге катысады. Олардың арасында «AVC Group» ЖШС, «Қазмұнайхим» ЖШС, «Сталь Трейд-НС» ЖШС және басқа да ірі компаниялар бар. 2022 жыл біздің экспоненттеріміз үшін айтулы жыл болды, «Қазмұнайгаз» компаниясы - 20 жыл және «Ембімұнайгаз» компаниясы - Ембі кен орнына 100 жыл мерейтойларын атап өтуде.

anons kioge 2022

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында экспоненттерден семинарлар өтеді, «Теңізшевройл», «Полиэкс», «Едиль-Орал.kz», ProWatt, Klinkmann, NCOC сала үшін бірқатар маңызды мәселелерді көтереді.

Мұнай-газ саласын дамытудың жаңа сценарийлерін талқылау оның көрсеткіштерінің одан әрі өсуіне ықпал ететіні сөзсіз. ҚР Энергетика министрлігінің жедел деректері бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында мұнай мен конденсат өндіру көлемі 22,7 млн. тоннаны немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 107,6% - ды құрады (жоспарға – 101,7%). Шамамен 3,4 млн. тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,5%. Соңғы 25 жылда Қазақстанға тартылған 73 трлн теңгенің 70% - дан астамы мұнай-газ секторына бағытталды.

«Жасыл» энергетиканы дамыту, атап айтқанда баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне жаппай көшу жағдайында ірі трансұлттық мұнай-газ компаниялары өзінің болашақ дамуының негізгі бағдарларын әзірлеу үшін әлемдік экономиканың көмірсутек ресурстарына қажеттілігін дамытудың жаһандық сценарийлеріне елеулі назар аударады. Елді төмен көміртекті экономика шеңберінде мұнай-газ саласын дамытудың қандай перспективалары күтуде, ESG Стратегиясын Қазақстан компанияларына қолдану қандай әсер етеді, қатысушылар бұл жайлы Пленарлық отырыста талқылайды. Жекелеген панельдік пікірсайыстар Индустрия 4.0 және ESG-ді практикаға енгізу, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналады. Спикерлер Қазақстанның мұнай-газ саласына цифрландыру мен инновациялық шешімдерді енгізу тұрғысынан қай жерде орналасқанын, бизнес-процестерді оңтайландыру кәсіпорындар жұмысының сапасына қалай әсер ететінін, мұнай-газ саласындағы операцияларды оңтайландырудың тұрақтылығын қалай қамтамасыз ету керектігін талқылайды.

KIOGE конференциясы аясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстанның салалық министрлерінің қатысуымен Түркі Мемлекеттері Ұйымының отырысы өтеді. Бақылаушылар ретінде Венгрия мен Түрікменстан өкілдері қатысады.

29 қыркүйекте «Газ саласы. Қайта жүктеу» панельдік сессиясы өтеді. Табиғи газ әлемдік энергетика құрылымында және халықаралық отын балансында ерекше орын алады, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында газ саласы негізгі рөл атқарады. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 15 млрд.м3 газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% - ға өскенін көрсетеді. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі қаулысымен Қазақстанның газ саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді, бұл KIOGE шеңберінде осындай панельдік сессияның уақтылы өткізілгендігін куәландырады. Газ саласын жаңғырту туралы «QAZAQGAZ» ұлттық компаниясының өкілдері айтып береді. Сондай-ақ, KIOGE Конференциясының екінші күні негізгі мұнай компанияларының өкілдері геологиялық барлау мен өндірудегі мұнай-газ мүмкіндіктерін іске асыруды, мұнай тасымалдаудың үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді, сондай-ақ, мұнай сервисі мен бұрғылау қалдықтарын кәдеге жаратудағы жаңа үрдістерді талқылайды. GR кездесу GR алдында тұрған жаңа шындықтағы сын-тегеуріндерді, стратегиялық коммуникацияларды қалай тиімді жүзеге асыру және тәуекелдерді басқару, сондай-ақ, жаһандық энергетикалық портфельдің өзгеруі GR жұмысына қалай әсер ететінін талқылауға арналады.

KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «Қазэнерджи «Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы, қазақстандық мұнайшылар мен геологтар қоғамы (ҚМГҚ), PETROCOUNCIL - мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестіктерді дамыту жөніндегі Кеңесінің ресми қолдауымен өтеді.

KIOGE 2022 Бас Серіктесі – «Теңізшевройл» ЖШС. Алтын Серіктестер – QazaqGaz, CNPC. Күміс серіктес - Новомет компаниясы. Іс-шараның қола серіктестері Dassault, NIKKISO, Honeywell және Schneider Electric.

Ұйымдастырушы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.

Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады: www.kioge.kz