30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

KIOGE-2021 «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» 27-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

Биылғы жылы KIOGE-де Австрия, Бахрейн, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей және Хорватиядан 156 компания қатысты. Аумағы 2700 ш.м. экспозиция мұнай - газ саласының 13-тен астам бағытын, оның ішінде геология мен геофизика, цифрландыру, бұзылмайтын бақылау, инжинирингтік шешімдер, инфрақұрылымды дамыту және т. б. қамтыды. Көрмеге 1526 маман, оның ішінде мемлекеттік органдардың, даму институттарының, салалық одақтардың, қауымдастықтардың өкілдері, ұлттық, шетелдік компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көрменің екінші күні Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаев, «КТК-К» АҚ Бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин, ҚМГҚ президенті Балтабек Қуандықов және «KazService» одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықовтың қатысуымен VIP-тур өтті.

Беларусь Республикасының Ұлттық стендінде Министрге қазақстандық компаниялармен ынтымақтасуға дайын жеті кәсіпорынның өндірістері көрсетілді. Германияның ұлттық стендінде ұсынылған неміс сервистік компаниялары да Қазақстандағы бизнесті дамыту ниеті туралы айтып берді.

Министр «Қазмұнайгаз» компаниясының стендіне егжей - тегжейлі тоқталып, отандық әзірлеме - ABAI ақпараттық жүйесімен танысты. Бұл деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз ететін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолданатын толық ауқымды Big Data жобасы.

"Көрме біздің елімізге жаңа технологияларды тарту және ынтымақтастық үшін кәсіпорындарымыз арасында жаңа байланыстар орнату тұрғысында өте маңызды іс-шара болып табылады. Көрменің болашағы өте жақсы және экспозициялардың саны тек өседі деп сенемін», - деп Мағзұм Мырзағалиев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашев, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Димаш Досанов, «КТК» АҚ Бас директоры Николай Горбань және Өзбекстанның мұнай - газ кәсіпорындар өкілдерінің делегациясы «Өзбекнефтегаз» АҚ, «Бұхара МӨЗ» ЖШҚ, «Шуртан ГХК» қатысты. Қонақтар көрмеде ұсынылған мұнай-газ және сервистік компаниялардың өнімдерімен және қызметтерімен танысты.

Экспозициялық бөлімнен басқа, келушілер мен қатысушылар үшін түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер мен семинарларды қамтитын мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылды. Осылайша, NCOC және Теңізшевройл әлеуетті жеткізушілер үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтып, Honeywell цифрлық шешімдер туралы презентацияны ұсынды, Еcolomist журналы және «Eco Network» ЖШС экологиялық тақырыпты ашты. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігі «Мұнай - газ және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі Ресейлік-Қазақстандық ынтымақтастық. Үздік тәжірибелер. Болашағы» дөнгелек үстел өткізді. Іс-шара аясында бірнеше кәсіпорын өз өнімдерімен таныстырды, алғыс сөзбен ҚР-дағы РФ Сауда өкілі Андрей Бабко, ҚР Энергетика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Алмас Исханов, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Фархат Абытов және «KazService» Одағының Бас директоры Нұрлан Жұмағұлов сөз сөйледі.

Көрмеде ҚазМұнайГаз, Каспий Құбыр Консорциумы, ТШО, Лукойл, Татнефть, ТМК сияқты ірі компаниялар өз стендтерін ұсынды. Беларусь Республикасы мен Германия ұлттық стендтермен қатысты, сонымен қатар іс-шарада Волгоград, Самара облыстары, Башқұртстан Республикасы, Мордовия Республикасы, Татарстан Республикасы, Удмурт Республикасы және Ханты-Мансийск автономиялық округі кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін көрсетті.

KIOGE-дің үшінші күні көрме ұйымдастырушыларының марапаттарын тапсырумен атап өтілді. «For Loyalty & Support» номинациясындағы марапатты KIOGE тұрақты қатысушылары мен демеушілері «Теңізшевройл» ЖШС, «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ, HMS және NOVOMET марапатталды. Ұйымдастырушылар ұзақ жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KAZENERGY» қауымдастығына, «KazService» Одағына, PETROCOUNCIL мен ҚМГҚ алғыс білдірді. Дәстүрлі түрде қатысушылардың стендтері де номинациялармен марапатталды. Инновациялылығы үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стенді «Most Innovative stand Design» марапатына ие болды, «Таграс» компаниясы Үздік корпоративтік стендті ұсынды, «ҚазТрансГаз» компаниясы үздік дебют марапатын алды, ал «Татнефть» «Best Stand Design» марапатына иеленді, Беларусь Республикасының ерекше стенді KIOGE көрмесінде Үздік ұлттық стендке айналды.

KIOGE Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай - газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы ЗТБ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағының, Қазақстандық мұнайшы - геологтар қоғамының және PETROCOUNCIL стратегиялық әріптестік Кеңесінің ресми қолдауымен ұйымдастырылды.

KIOGE-2021 Бас Серіктесі - «Теңізшевройл» ЖШС. Алтын серіктес – Каспий Құбыр Консорциумы, Күміс серіктесі – ГМС Групп, NOVOMET компаниясы көрменің қола серіктесі болды.

Іс-шара ұйымдастырушылары - Қазақстандық «Iteca» көрме компаниясы барлық қатысушыларына, қонақтарына алғыс айтып, 2022 жылғы 28-30 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін KIOGE 2022 көрмесіне шақырады.

Толық ақпарат https://kioge.kz/ сайтында.