29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі KIOGE-2021 «Мұнай және газ» Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев KIOGE 2021 – «Мұнай және газ» халықаралық көрмесінде ұсынылған мұнай-газ және сервистік компаниялардың өнімдерімен және әзірлемелерімен танысты. Беларусь Республикасының ұлттық стендінде, Министрге қазақстандық компаниялармен ынтымақтасуға дайын жеті кәсіпорынның өндірісі көрсетілді. Германияның ұлттық стендінде ұсынылған неміс сервистік компаниялары да Қазақстандағы бизнесті дамыту ниеті туралы айтып берді.

2kioge2021

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" компаниясының стендіне егжей - тегжейлі тоқталып, оған отандық әзірлеме - ABAI ақпараттық жүйесі таныстырылды. Бұл деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз ететін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолданатын толық ауқымды Big Data жобасы. Қазір технологиялық режим, асқынулар мониторингі, терең сорғы жабдықтарын таңдау, мәліметтер базасы және визуализация орталығы сияқты бес модуль пилоттық сынақтан өтуде. Барлық 16 модульді өндірістік енгізу 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланып отыр. ABAI Қазақстанның табиғи ресурстарының деректерін бағалау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және тиімді шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Бұдан әрі Министр KIOGE-де кеңінен ұсынылған ресейлік кәсіпорындардың стендтеріне барды.

3kioge2021

«Көрме біздің елімізге жаңа технологиялар алып келу және ынтымақтастық үшін біздің кәсіпорындар арасында жаңа байланыстар орнату тұрғысынан өте маңызды іс-шара болып табылады. Көрменің болашағы өте жақсы, экспозициялар саны да арта түседі деп сенемін», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев, журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

4kioge2021

KIOGE 2021 13-тен астам бөлімге арналған, олардың ішінде: мұнай өндіру, геофизикалық жұмыстар, инжинирингтік қызметтер, құрылыс, бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика. Биылғы жылы KIOGE-ге Австрия, Бахрейн, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Хорватиядан 156 компания қатысуда. Экспозицияның жалпы ауданы 2 700 шаршы метрді құрайды.

«KIOGE алаңы әрқашан барлық бағыттар мен аралас салалардың өкілдері үшін ыңғайлы болуымен ерекшеленді. Біз әрқашан компанияларға барлық мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беруге тырысамыз. Биылғы жылы шетелдік компаниялардың көрмеге келуі қиын болды, бірақ соған қарамастан көрмеге тоғыз ел ұсынылды», - деді "Iteca" ЖШС мұнай-газ жобаларының директоры Марина Ли.

5kioge2021

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 5-7 қазан аралығында Нұр-сұлтан қаласында KIOGE-2021 «Мұнай және газ» 27-ші халықаралық көрмесі өтуде. Іс-шараға кіру тегін, келу уақытын таңдап, алдын ала тіркелу жане кіре берісте Ashyq қосымшасы арқылы бақылаудан өту қажет.

KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «КАЗЭНЕРДЖИ «Қазақстан мұнай - газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағының, Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамының (ҚМГҚ), PETROCOUNCIL стратегиялық әріптестік Кеңесінің ресми қолдауымен өтеді.

KIOGE 2021 бас серіктесі – «Теңізшевройл» ЖШС. Алтын Серіктес – Каспий Құбыр Консорциумы, Күміс Серіктес – ГМС Групп, NOVOMET компаниясы көрменің Қола Серіктесі болып табылады.

* Биылғы жылы KIOGE 27-ші рет ұйымдастырылды, көрме алғаш рет 1993 жылы Алматыда өз есігін ашты және Орталық Азиядағы ірі салалық іс-шараға айналды. Жыл сайын KIOGE-ге белгілі әлемдік компаниялар-жер қойнауын пайдаланушылар, сервистік кәсіпорындар, жабдықтарды жеткізушілер, консалтингтік фирмалар, кәсіптік одақтар мен қауымдастықтар, қазақстандық және халықаралық даму институттары, БАҚ қатысады.

Мекен-жайы: Мәңгілік ел даңғылы, 53/2

«EXPO» Халықаралық Көрме Орталығы

www.kioge.kz