ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ KIOGE-2021 "МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ" ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
6 қазанда сағат 10.00-де ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев 5-7 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан KIOGE-2021 "Мұнай және газ" көрмесіне барады.
KIOGE көрмесі мұнай өндіру, геофизикалық жұмыстар, инжинирингтік қызметтер, құрылыс, бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика сияқты 13-тен астам бөлімге арналған. Биылғы жылы KIOGE-ге Австрия, Бахрейн, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Хорватиядан 156 компания қатысуда. Экспозицияның жалпы ауданы 2700 шаршы метрді құрайды.
Көрмеде ҚазМұнайГаз, Каспий Құбыр Консорциумы, ТШО, Лукойл, Татнефть, ТМК сияқты ірі компаниялар өз стендтерін ұсынды. Беларусь Республикасы мен Германия ұлттық стендтерін жайды, сонымен қатар іс-шарада Волгоград облысы, Башқұртстан Республикасы, Мордовия Республикасы және Татарстан Республикасы кәсіпорындарының экспорттық әлеуеті көрсетілді.
Экспозициялық бөлімнен басқа, келушілер мен қатысушыларды түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер мен семинарлардан тұратын мазмұнды іскерлік бағдарлама күтеді. Осылайша, NCOC және Теңізшевройл әлеуетті жеткізушілер үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы әңгімелейді, Honeywell цифрлық шешімдер туралы презентацияны ұсынады, ecolomist журналы және "Eco Nerwork" ЖШС экологиялық тақырыпты ашады.
KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, "КАЗЭНЕРДЖИ "Қазақстан мұнай - газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы" ЗТБ, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ, "KazService" Қазақстанның сервистік компаниялар одағының, қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамының (КОНГ), PETROCOUNCIL стратегиялық әріптестік Кеңесінің ресми қолдауымен өтеді.
KIOGE 2021 бас серіктесі - "Теңізшевройл" ЖШС. Алтын серіктес – Каспий Құбыр Консорциумы, Күміс серіктес – ГМС Групп, NOVOMET компаниясы көрменің қола серіктесі болып табылады.
* Биылғы жылы KIOGE 27-ші рет ұйымдастырылды, көрме алғаш рет 1993 жылы Алматыда өз есігін ашты және Орталық Азиядағы ірі салалық іс-шараға айналды. Жыл сайын KIOGE-ге белгілі әлемдік компаниялар-жер қойнауын пайдаланушылар, сервистік кәсіпорындар, жабдықтарды жеткізушілер, консалтингтік фирмалар, кәсіптік одақтар мен қауымдастықтар, қазақстандық және халықаралық даму институттары, БАҚ қатысады.
Мекен-жайы: Мәңгілік ел даңғылы, 53/2
"EXPO" халықаралық көрме орталығы
Назар аударыңыз: ғимаратқа тек Ashyq жүйесі бойынша кіруге болады
Аккредиттеу үшін: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
8701 093 3000