29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

KIOGE 2021: ЖАҢА ОРЫН – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

2020 жылғы тоқырау кезеңі аяқталды және әлемдік экономика қазірдің өзінде трансформация жолында. Инновациялар мен өзгерістер уақыты ағымдағы 2021 жыл болды, және мұнай-газ секторының жаңа болашағы басталды - іргелі өзгерістер ОСЫ ЖЕРДЕ және ҚАЗІР болуы тиіс.

Бұл өзгерістердің бізді де айналып өтпегені белгілі, бүкіл тарихында алғаш рет KIOGE көрмесі елорданың кең аумағында өтеді. Нұр-Сұлтан әлемдік деңгейдегі агломерацияны қалыптастыратын еліміздің көшбасшы екі мегаполисінің бірі және инновациялық және ғылымды қажетсінетін өнім өндіру орталығы болып табылады. Бейінді министрліктердің, қауымдастықтардың, одақтардың, өндіруші және квазимемлекеттік компаниялардың бас офистерінің Нұр-Сұлтан қаласында болуы нақ осы астанада көрме өткізу үшін қосымша артықшылық болып табылады.expo

Локация ретінде Қазақстанның ең заманауи мамандандырылған көрме алаңы – «EXPO» ХТО таңдалғаны кездейсоқ емес. Географиялық тұрғыдан орталық өте тиімді, инфрақұрылымы дамыған, жақын жерде Hilton қонақ үйі, Конгресс-орталық, Mega Silk Way орналасқан. Көрме павильондары заманауи байланыс құралдарымен, инженерлік желілермен және ыңғайлы кірме жолдармен жабдықталған. Павильонның техникалық сипаттары құрылыс салушыларға стандартты, сондай-ақ эксклюзивті көрме стендтерін орнатуға мүмкіндік береді, өйткені төбелердің биіктігі 12 метр стенд дизайнерлерінің қиялын шектемеуге жол ашады.

Өткізу орнындағы өзгерістерден бөлек, біз қатысушылардың, келушілердің, медиа-қолдаудың құрамы жаңартылып, жоба заманға сай жүріп жатқандығын  атап өтуге қуаныштымыз. Біздің команда елдегі және әлемдегі нарықты тынымсыз зерттеп жатыр. Салалық оқиға болып қала бере отырып, біз мүлдем басқа болып көрінетін салалардағы компанияның көрмесі туралы хабардар етеміз. Өйткені, мұнай-газ саласы да өзгеруде, қазір мұнайшылар пандемия кезінде ауқымды деректерді зерттеу, киберқауіпсіздік, тиімді HR-басқару, тіпті өндірістегі эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін де талқылауға дайын. Сондықтан, көрмені Нұр-Сұлтан қаласында өткізудің артықшылықтарының бірі - елордадағы көптеген компаниялардың бас кеңселерінің болуында.

KIOGE 2021-дің тағы бір маңызды артықшылығы - көрменің KAZENERGY форумымен бір мезгілде өткізілуінде, бұл да бейінді аудиторияны барынша қамтуға мүмкіндік береді.

Жасыратыны жоқ, көрмені елордада өткізу туралы шешім қабылдау бізге оңай болған жоқ. Алматыдағы KIOGE - бұл дәстүр және біздің көптеген қатысушыларымызда қазан айының басында «Атакент» КІЫО-на  баратын жақсы әдеті қалыптасқан. Бірақ жаңа кезеңдер жаңа шешімдер мен өзгерістерді қажет етеді, олар көбінесе жаңа жетістіктердің, белсенді даму мен өсудің бастауы болады. Біз өзгерістерден қорықпаймыз және олармен кездесуді асыға күтеміз.

Нұр-Сұлтан қаласындағы  KIOGE 2021 өзінің тұрақты және жаңа қатысушылары үшін есігін қуана ашады!