30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: Мұнай-газ саласының жаңа болашағы. Өзгеру уақыты.

2020 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында KIOGE 2020 көрмесі және конференциясының қамқорлығымен бірінші рет онлайн форматта мұнай-газ саласын әрі қарай дамыту мәселелерін, дамудың таңдалған стратегияларын және индустрия үшін алға жылжудың ең қолайлы векторы ретінде «жасыл» экономиканың тартымдылығын талқылауға арналған мұнай-газ саласының мамандары үшін конференция өтті.

Өз жұмысының екі күні ішінде онлайн-конференция өзін өнімді диалогқа, пандемиядан кейінгі кезең үшін жоспарларды талқылау мен анықтауға арналған тиімді платформа ретінде көрсетті, онда мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері, халықаралық сарапшылар мен нарықтың ең ірі компанияларының бас атқарушы директорлары жаңа шындықта сала алдында тұрған барлық өзекті сұрақтарды жанды диалог барысында талқылай алды. Іс-шараға 521 тыңдаушы тіркелді.

30 қыркүйек күні саланың Қазақстандағы және әлемдегі ағымдағы жағдайына шолу және болжауға, ірі компаниялардың мысалында пандемиядан кейінгі даму стратегияларын талқылауға арналған пленарлық отырыс өтті. Отырыста спикер ретінде сөз сөйлегендер ҚР бірінші энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков, «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Акчулаков, «Тенгизшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер, North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Ричард Хоув, Қазақстанның мұнайшы-кеншілер одағының президенті Балтабек Қуандықов және «KazService» мұнай-сервистік компаниялар одағының Президиум төрағасы Рашид Жақсылықов болды.

EY Мәскеу мұнай-газ орталығының директоры Денис Борисовтың және IEA халықаралық энергетикалық агенттігінің энергетика және инвестициялық перспективалар бөлімінің басшысы Тим Гоулдтың баяндамаларының презентациялары онлайн-конфренеция тыңдаушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, бәрінің назарын аударды. Біздің спикерлеріміздің ең өзекті салалық ақпаратты беруі мен KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі Арман Сатимовтың модерациясы арқасында пленарлық отырыс мазмұны жағынан өте ауқымды болып шықты.

Бірінші жұмыс күнінің жалғасы барысында Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялары одағының Президиум мүшесі Дәуіржан Ауғамбайдың кәсіби модерациясымен North Caspian Operating Company N.V. операторынан сұхбат алынды.
KazService бас директоры Нұрлан Жұмағұлов, NCOC басқарушы директорының орынбасары Ермек Марабаев, NCOC компаниясының жергілікті қамту бойынша менеджері Дәуірбек Утежанов мұнай жобаларын жергілікті қамту шегінде мақсаттарды мен бастамаларды іске асыру туралы түсіндірді.

Онлайн-конференцияның екінші күні 1 қазанда мұнай-газ саласында жұмыс істейтін отандық өндірушілер мен IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын ауқымды аудитория жиналды. Жергілікті қамту, «жасыл» экономика және мұнай-газ компаниялары үшін цирфлық шешімдерді қолдануға баса назар аударылды. «Мұнай өндіруден – мұная химиясына, жергілікті қамтуға акцент, шикізаттық емес мүмкіндіктер және жасыл өсу» панельді талқылауында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев, «ECOJER» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының бас директоры Рүстем Қабжанов, NCOC денсаулықты, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директоры Қуанышбек Муханов қатысты. Жетекші модератор ретінде мұнай-сервистік компаниясының директоры, Атамекен Business каналындағы «Байдильдинов. Мұнай» бағдарламасының авторы мен жүргізушісі Олжас Байдильдинов қатысты.

Онлайн-конференция «Цифрлық шешімдердің көмегімен мұнай-газ компанияларының шығындарын тиімдендіру» тақырыбында Kaspersky Lab компаниясымен әріптестікте ұйымдастырылған панельді талқылаумен аяқталды. Аталған талқылауды Kaspersky Lab Басқарушы директоры Евгений Питолин модерациялады, шақырылған баяндамашылардың ішінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АӨ, Atyrau Hub, Prime Source, PwC Новрегия компанияларының өкілдері болды. ЕМЕА елдері бойынша энергетика және таза технологиялар жөніндегі топтың басшысы (Канада) Марио Крпан және Норвегия PwC энергетика орталығының директоры Расмус Петерсон өз компанияларының мысалында халықаралық тәжірибемен бөлісті.

Онлайн-конференция Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KAZENERGY қауымдастығының, KazService Қазақстандың мұнай-сервистік компаниялар одағының, Қазақстанның мұнайшы-кеншілер қоғамының және Petroucouncil.kz Мұнай-газ саласында стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңестің қолдауымен өтті.

Онлайн-конференцияны ұйымдастырушы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.