Мұнай-газ саласының жаңа болашағы: өзгерістер дәуірі.
Мұнай-газ саласының жаңа болашағы: өзгерістер дәуірі.
2020 жылдың 30 қыркүйегі - 1 қазаны аралығында мұнай-газ секторының мамандарына арналған онлайн-конференция өткізіледі. Конференция барысында қазақстандық және халықаралық мұнай-газ нарығындағы негізгі ойыншылар болашақ жоспарлары, таңдалған даму стратегиялары туралы айтып, тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ пандемия жағдайында тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша практикалық іс-шаралар туралы және қазіргі уақыттың өзекті мәселелерін шешу тәжиребесі жөнінде әңгімелейді.
Онлайн-конференция коронавирустық инфекциясының әлемге ұзақ мерзімді жағымсыз әсер етуіне байланысты 2021 жылдың 29 қыркүйегі - 1 қазаны аралығына ауыстырылған KIOGE 2020 көрмесі мен конференциясының қолдауымен өткізіледі. Онлайн-конференция ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы.
Көптеген сарапшылар қазірдің өзінде пандемияның аяқталуы және әлемдік экономиканың тоқырау жағдайынан шығуы туралы айта бастады, дегенмен біраз талдаушылар зерттеулері түбегейлі өзгерістер енгізілмей мұнай-газ саласында тарихи басым болған тартымды көрсеткіштерге оралу қиын болатынын айтады. Көптеген елдерде мұнай саласы стратегиялық маңызды сала болып отыр, дегенмен әлемнің барлық дерлік елдерінде жарияланған локдаун және соның нәтижесіндегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі бізге мұнай-газ саласының жаңа болашағы келгенін көрсетеді.
Онлайн-конференцияның тақырыптық панельдік пікірталастары келесі өзекті мәселелерді қамтиды:
- Қазақстандық және әлемдік саланың қазіргі жағдайына шолу және болжам;
- Ірі компаниялардың пандемиядан кейінгі даму стратегиялары;
- Оператор-компаниялардың жобалар мен сатып алулар бойынша жоспарлары;
- Мұнай-газ саласындағы цифрлық технологиялар;
- Мұнай өндіруден мұнайхимияға ауысу – мұнай-газ секторының шикізаттық емес мүмкіндіктері;
- Жергілікті қамту;
- «Жасыл» өсу стратегиясы.
Онлайн-конференцияға қатысушылар саланың негізгі сарапшылары, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтар өкілдері қатысуымен бұрын-сонды болмаған бағдарламаны тамашалайды. Мысалы, 30 қыркүйекте ірі компаниялардың мысалында пандемиядан кейінгі даму стратегияларын талқылауға арналған пленарлық мәжіліс өтеді. Спикерлер – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» АҚ, KAZENERGY қауымдастығының, KazService мұнай сервистік компаниялар Одағының, «Тенгизшевройл» ЖШС, North Caspian Operating Company N.V., EY және Қазақстандық мұнай геологтары Одағының өкілдері.
Онлайн-конференцияның екінші күні, 1 қазан отандық өндірушілер үшін ерекше қызық болмақ, панельдік пікірталас барысында шақырылған спикерлер: «Мұнай өндіруден - мұнай химиясына, жергілікті қамтуға, шикізаттық емес мүмкіндіктерге және жасыл өсуге баса назар аудару», экономикалық дамудың жаңа бағыты ретінде «жасыл» экономика мен жергілікті дамудың келешегін талқылайтын болады.
Онлайн-конференция Цифрлық даму мәселелеріне арналған панельдік пікірсайыспен аяқталады. Шақырылған спикерлер қатарында Қазақстан Республикасының цифрлық даму және инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және «Сименс мұнай және газ және энергетика», «ЛУКОЙЛ» ПАО, «Газпром нефть»ПАО, IEA және Atyrau Hub өкілдері баяндама жасайды.
Онлайн-конференция Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ, KAZENERGY қауымдастығы, KazService мұнай сервистік компаниялар Одағы, Қазақстандық геологтар қоғамы және мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестерді дамыту кеңесінің Petroucouncil.kz ресми қолдауымен өткізіледі.
Конференция бағдарламасы, спикерлер және сессиялар кестесі туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемені қараңыз: http://online.kioge.kz/conference/