30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

ЖШС "ТЕҢГІЗШЕВРОЙЛ" компаниясының семинары. Тақырып: ТШОдаңы цифрландыру

Семинар «Теңізшевройл» компаниясының цифрлық трансформация бағдарламасына бағышталады. Бұл бағдарлама біріктірілген құндылықтар қалыптастыру тізбегі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы компанияның бизнес мақсаттарына қол жеткізуге арналған. Презентацияда цифрландыру арқасында қамтамасыз етілетін келесі бағыттардағы бизнес трансформациясының тақырыптары мен сәтті үлгілері қарастырылатын болады: өндіріс қауіпсіздігі және сенімділігі, өндірісті оңтайландыру, ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде мұнайдың баламалы өндірісін арттыру жобаларын іске асыру және коллекторды игеру, сонымен қатар көміртек іздерін қысқартуға ықпалы.

ТШО-да адам капиталы цифрлық трансформациясының негізі болып саналатындықтан, жетістіктерге жету үшін цифрлық құзыреттілік пен машықтарды дамыту маңызы өте зор. Цифрландыру бағдарламасының ішіне қазақстандық қызметкерлерді оқытуға арналған кешенді инвестициялар, қазақстандық және шетелдік университеттермен, жергілікті АТ-орталықтармен серіктестік, сонымен қатар ТШО компаниясына цифрлық өнімдерді өндіру үшін қазақстандық АТ компанияларын тарту кіреді.

Спикер: 

Теңізшевройл» ЖШС-ның, Цифрландыру чемпионы, Марат Қуатов

IMG 0345

Марат Қуатов «Теңізшевройл» ЖШС-нда Цифрландыру чемпионы қызметін атқарады. Ол ТШО ұйымының цифрлық технологияларға көшу жөніндегі бағдарламасын ТШО-ның бизнес басымдықтарына, ТШО-ның бизнес-жоспарларына және цифрлық технологияларды енгізудің функционалдық жоспарларына сәйкестендіруді қамтамасыз ете отырып, үйлестіреді. Ол тиісті ресурстар алу мүмкіндіктеріне қатысты басымдық деңгейін анықтау мақсатындағы басқару процесіне қатысып, цифрлық технологияларды енгізу және ТШО-дағы құндылықтарды құру тізбегінің бойындағы қосымша құндылықтарды анықтау жөніндегі жол картасының жүзеге асырылу барысын қадағалайды.

Өзінің бұрынғы қызмет орнында Марат Кен орындарын игеруді басқару тобында көмірсутегі қорларын үйлестіруші болып жұмыс істеді, онда ресурстық қорларды резервтік қорға, резервтік қорды өндіріс қорына және өндіріс қорын айналма қаржы қорына қайта есептеудің циклдік процесін үйлестіре отырып, ресурстық қорлар өсімінің негізгі категориясы шегінде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етумен айналысты. 2017-2019 жылдары Марат Теңіз және Королев мұнай кен орындарында мұнай беруді барынша арттыру мәселелерін шешумен айналысатын жерасты ұңғымалары жабдығы жобасының тобына қолдау көрсете отырып, мұнай өндіруді оңтайландыру әдістерін әзірлеу және енгізу жобасында қызмет атқарды. 2015-2017 жылдары Марат инженер-мұнайшы болып жұмыс істеді және оның жауапкершілік аясы Теңіз және Королев кен орындарындағы сенімділік пен өнімділікті сақтау және арттыруға қатысты мәселелерді шешуді қамтыды.

2012 жылы Марат Қуатов ТШО-ға мұнай-газ инженері ретінде жұмысқа орналасып, Теңіз кен орнындағы ұңғыма алаңдары мен шикі газды айдау (ШГА) жүйесінде өндірістік қызметті қолдауды қамтамасыз етті. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін (Ресей Федерациясы) «Инженер-мұнайшы» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 2021 жылы Лондон қаласындағы (Ұлыбритания) Империал Колледжінде 2 жылдық халықаралық «MBA» (Іскерлік әкімшілендіру магистрі) бағдарламасы бойынша оқуын бітірді.

Спикер: 

Динара Садулова, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің коммуникациялар жөніндегі маманы, «Теңізшевройл» ЖШС

Dinara

Динара Садулова «Теңізшевройл» ЖШС-ның ЕҚ және ЕҚОҚ бөлімінде коммуникациялар жөніндегі маман қызметін атқарады. ЕҚ және ЕҚОҚ бойынша жаңа бағдарламалар мен бастамаларды енгізу тобының құрамында басқа жобалармен қатар Шеврон корпорациясының ТШО-ның барлық нысандарында электронды рұқсат қағаз жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын үйлестіреді.

2014–2018 жылдары Динара ЕҚ және ЕҚОҚ бөлімінде қауіпсіз іс-қимыл бағдарламасының үйлестірушісі ретінде жұмыс істеді, бағдарламаны үйлестіру және өндірісті оңтайландыру мәдениетін қалыптастыру аясында қызметкерлерді бақылауды жүргізуге, қызметкерлердің қауіпсіз емес іс-қимыл жағдайларын анықтауға ынталандыру мәселелерімен айналысты.

2018–2020 жылдары адам өліміне әкелетін оқиғалардың алдын алу жөніндегі науқан шеңберінде әзірленген «Өмірді сақта» бағдарламасының үйлестірушісі болды.
2014–2017 жылдары Динара оқиғаларды тексеру тобында талдаушы қызметін атқарды.

 ТШО Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы рұқсат қағаздары жүйесінің цифрлық нұсқасына көшкен алғашқы компания болды. Жүйеге ауысу 2019 жылдың соңынан бастап кезең-кезеңмен өтті.

Семинар барысында «Электронды рұқсат қағаздары жүйесінің» негізгі артықшылықтары қарастырылады, оның ішінде процестерді оңтайландыру ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік тиімділікті арттыру да бар. Компания жүйені өндірістік нысандарда енгізу және оның жұмыс нәтижелері бойынша озық тәжірибесімен бөліседі.