29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

ТШО- ның ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы тағы бір маңызды межені бағындырды

850 5664 1 1

2022 ж. 3 маусым, АТЫРАУ – «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) тағы бір маңызды меже-Теңіз кен орнында Біріктірілген өндірісті басқару орталығын (БӨБО) сәттімен іске қосты.

ККЖ-ҰЕҚБЖ аяқталғаннан кейін, БӨБО ТШО-ға мұнай өндірісі көлемін қосымша 12 миллион тоннаға, сонымен қатар компания қоршаған ортаға жалпы ықпалды азайтуға барынша күш салуды жалғастыра түседі.

850 5756 1

Ең заманауи БӨБО-да соңғы үлгідегі цифрлық технологиялар қолданылды және де ол Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібіндегі бірегей нысан болып табылады. Нысан ТШО-ның барлық өндірістік нысандары мен зауыттарын бір орталықтан басқаруға және бірыңғай оперативтік модельге біріктіруге мүмкіндік береді.

ТШО бас директоры Кевин Лайон: «Мен осынау ғаламат межені бағындыруда ынтымақтастық рухын көрсеткен біртұтас ТШО ұжымын мақтан тұтамын. БӨБО нысанын пайдалану кәсіпорынға өндірісті қауіпсіз және үздіксіз жүргізуге және де Қазақстан Республикасының акционерлеріміздің, қызметкерлеріміз бен өзіміз еңбек ететін жердегі қоғамдастықтың игілігі үшін қосымша пайда әкелуге көмектеседі»,- деді.

БӨБО ТШО-ның өндірістік нысандарынан 20 км қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ, онда Теңіз кен орнының операторларына ең жақсы шешімдер қабылдауға, сенімділікті арттыруға және өндірістік көрсеткіштерді оңтайландыруға икемді тәсілдерді табуға көмектесетін ауданы 2200 шаршы метрді құрайтын орталық диспетчерлік пульт бар. ТШО құрылған кезден бастап, жаңа нысандардың құрылысына инвестиция салып, соңғы үлгідегі технологияларды қолданып келеді және Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосуды жалғастыруда. Компания 1993 жылдан бері ел қоржынына 164 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей қаржылық төлемдер жасады, оның 42 млрд.-тан астам АҚШ доллары жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бағытталды.

850 5703 1

ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов өз сөзінде: «БӨБО сияқты әлемдік деңгейдегі нысан құрылысына және оны іске қосуға 30-дан астам қазақстандық компания мен 600-ден астам жергілікті қызметкердің қатысқанына қуаныштымыз. Нысанды пайдалануға беруге қатысқан жергілікті қызметкерлер жан-жақты оқыту мен ғаламат тәжірибе негізінде өздерінің білімдері мен дағдыларын да жақсартты», - деді.

Қазіргі таңда ККЖ-ҰЕҚБЖ 91%-ға аяқталды. Бүгінгі таңда құрылыстың аяқталуына және жүйелердің қосылуына байланысты қалған жұмыстар Теңізде шоғырланған.

«Теңізшевройл» ЖШС мұнай, сұйытылған газ, құрғақ газ және күкірт қорларын игерумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО өз қызметін қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік стандарттарға сай жүргізеді.1993 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы «Теңізшевройл» кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Қазіргі таңда серіктестік қатысушылары: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.»–25% және «ЛукАрко» - 5% .