|
Сізді 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін 30-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық «Мұнай және газ» KIOGE 2026 көрмесіне келуге шақырамыз.
Мерейтойға орай көрме экспозициясының ауқымы айтарлықтай кеңейтілді. Дәстүр бойынша бір алаңда мұнай-газ және сервистік компаниялар, жабдық өндірушілері, технологиялық және инжинирингтік компаниялар ұсынылады.
KIOGE 2026 көрмесінде сізді не күтеді:
Әлемнің 20 елінен 400-ден астам компания Германия, Үндістан, Италия, Қытай және Ресейдің ұлттық стендтері Кең ауқымды экспозиция орналасқан 5 павильон Жабдықтар мен техниканың нақты көлемде ашық алаңдағы көрсетілімі Ұлттық операторлар, халықаралық энергетикалық компаниялар, EPC-мердігерлер, жабдық өндірушілері, IT-әзірлеушілер, инвестициялық құрылымдар және мемлекеттік органдар
KIOGE көрмесі екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл – іскерлік байланыстарды дамытуға, жаңа серіктестер табуға және саланың басты оқиғаларының ортасында болуға берілетін бірегей мүмкіндік.
|