30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

CORRSTOP QAZAQSTAN: ҚҰБЫРЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОМПОЗИТТІК ЖӨНДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ

logo CORRSTOP QAZAQSTAN

«CORRSTOP Qazaqstan» компаниясы – диагностикалық бақылау саласында қызмет көрсететін қарқынды дамып келе жатқан компания. Сонымен қатар, ол композиттік жөндеу конструкцияларын өндіру және жеткізу, сондай-ақ отын-энергетика кешені, мұнай-химия және тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының құбырларын жөндеу бойынша сервистік қызметтер көрсету сегментіндегі көшбасшылардың бірі болып табылады.

Компанияның мақсаты – құбырлардағы ақауларды жөндеу, өндірістік тәуекелдерді төмендету, жабдықтар мен құбырлардың тұтастығын қамтамасыз ету және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту саласында үздік шешімдер әзірлеу. 

БІЗДІҢ ӨНІМДЕРІМІЗ БЕН ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ:

1. Электрометрия: оқшаулау жабыны мен электрохимиялық қорғанысты диагностикалау үшін DCVG/ACVG/CIPS әдістерімен құбырларды тексеру.
2. LRUT/БМД және басқа да әдістер арқылы кеңейтілген бұзбай бақылау.
3. Құбырішілік диагностика.
4. Құбырлар мен объектілердің тұтастығын бағалау (соның ішінде RBI негізінде).
5. Объектілердің кернеулі-деформациялық күйін бағалау.
6. Персоналды оқыту.
7. Композиттік жөндеу конструкцияларын өндіру, жеткізу және монтаждау.

КОМПОЗИТТІК ЖӨНДЕУ

CORRSTOP жөндеу конструкциялары жұмыс қысымы 12 МПа-ға дейінгі, сыртқы диаметрі 89 мм-ден 1420 мм-ге дейінгі қолданыстағы жерүсті, жер бетіндегі, жерасты және суасты магистральдық, кәсіпшілік, технологиялық және басқа да құбырларды жөндеуге арналған.
Бұл – құбырлардың ақаулары бар учаскелерінің конструкциялық және жүк көтергіштік қабілетін ақаусыз құбыр деңгейіне дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін тұрақты жөндеу шешімі. Композиттік материалдар немесе композиттік жөндеу конструкциялары арқылы коррозиядан қорғауды және құбыр қабырғасын күшейтуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жөнделген учаскенің толық герметикалығын сақтайды.
Жөндеу конструкцияларының қызмет ету мерзімі – 50 жылға дейін.

CORRSTO 2   DSC08487 CORRSTO    DSC08497 CORRSTO

  • -де жасалған