«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу, мұнай-газ химиясы және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік циклді біріктіретін Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жетекші ұлттық компания.
Компания еліміздің мұнай-газ саласында көш бастап келеді:
26% мұнай өндіру
17% газ өндіру
55% мұнай тасымалдау
80% мұнай өңдеу
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
ҚМГ жасанды интеллектіні, цифрлық телнұсқаларды және предиктивті сараптаманы кеңінен енгізіп келеді. Компанияның ABAI платформасы өндіру, бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу және кен орындарды игеруді басқару үшін модельдеу құралдарын біріктіреді.
Астана қаласында орналасқан ҚМГ-ның диспетчерлік-талдау орталығы өндірістік деректерді жинақтап, нақты уақыт режимінде 470-тен астам негізгі көрсеткішті бақылайды. Ал KMG.AIAN кешені еліміздегі отын балансын болжауға және бақылауға мүмкіндік береді.
ЖАҢА ӨСІМ БАҒЫТТАРЫ
ҚМГ құрлықта және Каспий теңізінің қайраңында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларына қатысады, сондай-ақ мұнай өңдеу мен мұнай-газ химиясын дамытып келеді.
2025 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттары тиімділіктің тарихи рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізді: өңдеу тереңдігі 90,1%, ал жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 77,7% құрады.
Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт пен газ сепарациялау кешенінің жобалары іске асырылып жатыр, карбамид өндірісінің жобасы пысықталуда.
БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ
Жаңаөзен қаласында күн, жел және газ генерациясын біріктіретін, қуаты 247 МВт болатын Қазақстандағы алғашқы гибридті энергетикалық кешен салынуда. Сонымен қатар ҚМГ жасыл сутегі және SAF тұрақты авиациялық отын бағытындағы жобаларды қолға алды.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚМГ өңірлерді дамытуға және жаңа буын мамандарын даярлауға инвестиция құйып отыр. 2025 жылғы негізгі жобалардың қатарында Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты, Жаңаөзендегі оқушыларға арналған «Болашақ сарайы» және Атырау қаласында Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған алғашқы оқу-өндірістік полигоны бар.
- -де жасалған



