30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

«ASTANA CONSTRUCTION BUSINESS GROUP» ЖШС – ӘЛЕМДІК БРЕНДТЕРДІҢ КӨТЕРГІШ АРНАЙЫ ТЕХНИКАСЫНЫҢ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ

«Astana Construction Business Group» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында көтергіш арнайы техниканың дистрибьюторы болып табылады.

09C4D370 2E30 4865 B3C7 8E786CC22C12  40505BCC 49B6 49A2 99AE 2FEF2C7E7112  F0D8D273 497E 4AF7 A17F 59B75A143A34

Компания заманауи көтергіш техниканы жалға беру, сату және сервистік қызмет көрсетуге маманданған. 2013 жылдан бастап компания кәсіпорындарға өнеркәсіптік нысандарда, құрылыс алаңдарында, қоймаларда, өндірістік кешендерде және мұнай-газ саласының объектілерінде биіктіктегі жұмыстарды қауіпсіз әрі тиімді орындауға көмектесіп келеді.

Бүгінде Astana Construction Business Group техника паркі жұмыс биіктігі 8-ден 50 метрге дейінгі 200-ден астам техника бірлігін қамтиды. Компанияның Астана, Алматы және Атырау қалаларында жеке кеңселері бар, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінде жабдықтарды жеткізу және техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

GS 3246 outdoor fully elevated 1 med     Снимок экрана 2025 06 23 в 10.17.02 AM

Дамыған сервистік желі, механиктердің мобильді бригадалары және тәулік бойы техникалық қолдау тапсырыс берушілердің сұраныстарына жедел жауап беруге және жабдықтардың тоқтап қалуын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Әрбір техника бірлігі тұрақты техникалық қызмет көрсетуден және нысанға жіберу алдында міндетті тексеруден өтеді.

Astana Construction Business Group портфелінде әлемнің жетекші өндірушілерінің техникасы ұсынылған: Genie, Haulotte, LGMG, EasyLift, XCMG, Himoinsa және Wacker Neuson. Компания халықаралық брендтердің ресми дилері болып табылады және тапсырыс берушілерге тек жабдықты ғана емес, сонымен қатар нақты міндетке сәйкес техниканы таңдаудан бастап жеткізуге, операторларға нұсқама беруге, сервистік сүйемелдеуге және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді жеткізуге дейінгі кешенді шешім ұсынады. Компанияның бизнес-процестері мен еңбекті қорғау жүйесі қатаң халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, бұл компанияның ISO және OHSAS сертификаттарының болуымен расталады.

ACBG ұсынады:

• қайшылы көтергіштер
• иінді көтергіштер
• телескопиялық көтергіштер
• Spider типті гусеницалық (шынжыр табанды) көтергіштер
• телескопиялық жүктегіштер
• фронтальды шағын жүктегіштер
• дизельді генераторлар
• жарықтандыру мачталары
• жаңа көтергіш техниканы сату
• техниканы қысқа және ұзақ мерзімге жалға беру
• сервистік қызмет көрсету және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді жеткізу.

ha15   image 2

 Astana Construction Business Group техникасы мұнай-газ нысандарын салу және оларға қызмет көрсету, металл конструкциялар мен инженерлік жүйелерді монтаждау, өндірістік ғимараттарды жөндеу, фасадтық және электр монтаждау жұмыстары, резервуарларға, құбыржолдарға, қоймалар мен логистикалық кешендерге техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылады.

Күрделі жер бедері және жоғары жүріп өту мүмкіндігін талап ететін нысандар үшін толық жетекті және жерден клиренсі жоғары дизельді модельдер қолжетімді. Ішкі жұмыстар үшін шу деңгейі төмен және зиянды шығарындылары жоқ электрлік көтергіштер ұсынылады. Жабдықтар заманауи қауіпсіздік жүйелерімен, артық жүктеме датчиктерімен, апаттық түсіру және жұмыс параметрлерін автоматты бақылау жүйелерімен жабдықталған.

Компания тапсырыс берушілердің жұмыстарын үздіксіз жүргізуіне ерекше көңіл бөледі. ACBG мамандары нысанның жағдайларын, қажетті жұмыс биіктігін, көлденең шығу қашықтығын, жүк көтергіштігін және жұмыс аймағының ерекшеліктерін талдайды, содан кейін оңтайлы модельді таңдайды. Мұндай тәсіл артық шығындарды болдырмауға, жұмыстарды орындау уақытын қысқартуға және жабдықты дұрыс таңдамауға байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

Astana Construction Business Group клиенттері қатарында мұнай-газ секторының кәсіпорындары, құрылыс және монтаждау ұйымдары, өндірістік компаниялар, логистикалық операторлар және Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік жобалардың басқа да қатысушылары бар.

Компанияның басты миссиясы – биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу мәдениетін дамыту және заманауи көтергіш техниканы қолдану арқылы өндірістік жарақаттар санын азайту. Біз адам өмірінің баға жетпес құндылық екеніне және бизнестің тиімділігі қызметкерлердің қауіпсіздігінен басталуы тиіс екеніне сенімдіміз.

Astana Construction Business Group компаниясының KIOGE 2026 көрмесіне қатысуы – мұнай-газ саласына биіктікте жұмыс істеуге арналған заманауи шешімдерді таныстыруға, серіктестік қатынастарды нығайтуға және техниканың сенімділігі, жедел сервис пен өндірістік процестердің үздіксіздігі аса маңызды болатын міндеттерді талқылауға мүмкіндік береді.

Astana Construction Business Group – ірі жобалар үшін қауіпсіз биіктік.

 

  • -де жасалған