НОРТ КАСПИАН ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ Н.В

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы Қазақстан Республикасындағы Солтүстік Каспий жобасының Операторы болып табылады, ол 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісім және оның өзгертулері мен толықтырулары шеңберінде жетi энергетикалық компаниядан тұратын консорциум атынан әрекет етеді.

Солтүстік Каспий жобасы Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде орналасқан алып Қашаған мұнай кен орнын, сонымен қатар Ақтоты және Қайраң кен орындарын қамтиды.

Қашаған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады, оның геологиялық қоры шамамен 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Солтүстік Каспийге тән теңіздегі қатаң климаттық жағдайларда Қашаған кен орнын игеру техникалық мәселелер мен жабдықтау жүйесіндегі қиындықтарды еңсере отырып орындалуда. Өндірістік қауіпсіздік, жобалау, логистика және экология салаларындағы қиындықтарға байланысты бұл жоба қазіргі уақытта әлемде жүзеге асырылып жатқан ең ірі және анағұрлым күрделі салалық жобалардың бірі болып отыр.

Консорциум бойынша серіктестердің қатысу үлестері: ҚМГ Қашаған Б.В - 16,88%, Аджип Каспиан Си Б.В. - 16,81%, ЭксонМобил Қазақстан Инк. - 16,81%, Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В. - 16,81%, ТотальЭнерджиз ЭП Қазақстан - 16,81%, ҚҰМК Қазақстан Б.В. - 8,33% және ИНПЕКС Норт Каспиан Си, Лтд. - 7,56%.
- -де жасалған



