NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ СЕМИНАРЛАРЫ
NCOC компаниясы сіздерді семинарларға шақырады:
Тақырыбы: «Сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары (LTPO): құрылымы және қызығушылық білдіру тәртібі»
Жеткізу жүйесі дирекциясы
Жеткізушілерді басқару және нарық конъюнктурасын зерттеу департаменті
Спикер:
Динара Дүйсенбаева
Жеткізушілерді басқару жөніндегі маман
«Презентация жеткізушілердің Сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарымен (LTPO) жұмыс істеуінің негізгі аспектілеріне арналған. Онда жоспардың құрылымы (Жылдық жоспар және Орта мерзімді жоспар), әр позиция бойынша жарияланатын мәліметтердің құрамы, болжамды құнның стандартты диапазондары, сондай-ақ компанияның сайтында жоспарды іздеу, сүзгілеу және жүктеу тәртібі қарастырылады. Жеткізушілердің қызығушылық білдіру тәртібіне ерекше назар аударылады. Материал сатып алуды жоспарлау процесінің ашықтығын арттыруға және жеткізушілердің сатып алу рәсімдеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Ұсынылған ақпарат компанияларға өз мүмкіндіктерінің алдағы жұмыс көлемдеріне сәйкестігін алдын ала бағалауға және қызығушылығын уақтылы білдіруге көмектеседі».
Тақырыбы:
«Тіркелу және алғашқы біліктіліктің негізгі қырлары»
Жеткізу жүйесі дирекциясы
Жеткізушілерді басқару және нарық конъюнктурасын зерттеу департаменті
Спикер:
Даулетиярова Нуругль Зиноллаевна
Жеткізушілерді басқару жөніндегі маман
«Презентация жеткізушілерді тіркеу және алдын ала біліктіліктен өткізудің негізгі аспектілеріне арналған. Онда қатысушыларға қойылатын талаптар, қажетті құжаттардың тізбесі, бағалау критерийлері және біліктілік рәсімдерінен өту тәртібі егжей-тегжейлі қарастырылады. Материал жеткізушілермен өзара іс-қимыл процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Презентация компанияларға біліктіліктен өту кезеңдерін жақсы түсінуге, қажетті құжаттар топтамасын дайындауға және сатып алу рәсімдеріне қатысуға және жобаларды іске асыруға дайындық деңгейін арттыруға көмектеседі».
Сіздерді 1 қазанда сағат 11:45-тен 12:45-ке дейін № 8 павильонда күтеміз!
- -де жасалған



