30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

«REGENT KZ» — TRELLEBORG, DIXON, KOTAMINYAK ЖӘНЕ ALFAGOMMA КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

regent logo

«Регент KZ» ЖШС келесі компаниялардың өнімдерінің ресми өкілі және дистрибьюторы болып табылады:

1. TRELLEBORG GROUP
2. DIXON
3. KOTAMINYAK
4. ALFAGOMMA

Қазақстан Республикасының аумағында.

RegentKZ 3

TRELLEBORG GROUP мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жоғары сапалы өнеркәсіптік жеңдер мен шлангілерді ұсынады. TRELLEBORG компаниясы мұнай немесе газды өндіруден бастап, өнімді өңдеу және тасымалдау кезеңдеріне дейін, сондай-ақ түпкі тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық өндірістік тізбекте қолданылатын өнеркәсіптік жеңдер мен шлангілерді өндіреді.

DIXON мұнай-газ саласына арналған шланг қосылыстарының, жинақтауыштары мен керек-жарақтарының кең ассортиментін өндіреді, жеткізеді және қоймада сақтайды. DIXON өнімдерінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі дистрибуциялық орталықтары арқылы жоғары қолжетімділігі тауарларды қажетті уақытта және қажетті жерге жеткізуге кепілдік береді.

KOTAMINYAK ілеспе газдарды және мұнай-газ өнімдерін өңдеу барысында түзілетін газдарды кәдеге жаратуға арналған ФАКЕЛЬДІК ЖҮЙЕЛЕР мен ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН жобалаумен, өндірумен және сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

RegentKZ 2

ӨНДІРІЛЕТІН ФАКЕЛЬДІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ:

-Ашық факельдік жүйелер
- Бумен бүрку жүйелері
- Қосымша ауа бүрку жүйелері
- Қосымша газ бүрку жүйелері
- Қызмет көрсетуді қажет етпейтін факельдік жүйелер
- Жоғары және төмен газ қысымына арналған біріктірілген факельдік жүйелер
- Теңіздегі факельдік жүйелер
- Карьерлік факельдік жүйелер
- Жерүсті жабық факельдік жүйелер
- Көпнүктелі жабық жерүсті факельдік жүйелер
- Жылу бөліну қабілеті төмен газдарға арналған факельдік жүйелер
- Мобильді факельдік жүйелер
- Желдету және газды шығару жүйелері
- CO2 концентрациясын бақылау жүйелері 

RegentKZ 1

ALFAGOMMA жоғары технологиялық деңгейдегі жүзбелі және суасты теңіз шлангілерін әзірлейді, өндіреді және жеткізеді. SAFEWAVE арқылы теңіз мұнай өнеркәсібіне өнім жеткізе отырып, Alfagomma бүкіл әлемдегі теңіз жүйелеріне орнатуға арналған өнімдердің толық спектрін ұсынады. Кеме шлангілерінің сапасы мен сенімділігі Alfagomma компаниясының тоқыма және металл арматурасы бар шлангілерді өндіруге арналған озық технологияларымен, сондай-ақ шикізаттан бастап өндіріс процесіне, сынақтан бастап дайын өнімді түпкілікті біліктіліктен өткізуге дейінгі жоғары стандарттармен қамтамасыз етіледі.

  • -де жасалған