MWM ГАЗ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫМЕН СЕНІМДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

MWM компаниясы 150 жылдан астам уақыт бойы стационарлық қозғалтқыш жасау саласында инновациялық технологияларды енгізіп, тиімділігі жоғары газ-піспекті генераторлық қондырғыларды өндіріп келеді. MWM өнім портфеліне қуаты 400-ден 4 500 киловатқа дейінгі газ қозғалтқыштарының төрт сериясы кіреді. Қондырғыларды шағын шағын ЖЭО-ларды да, қуаты 100 мегаватт және одан жоғары электр стансаларын да салу үшін үлестірілген генерация жүйелерінде пайдалануға болады. Газ қозғалтқыштары табиғи газ, ілеспе мұнай газы, шахталық газ, биогаз, қоқыс полигонының газы, кәріз газы, синтез-газ және басқа да газ тәрізді отын түрлерімен жұмыс істей алады.

Қозғалтқыштар электр және жылу тиімділігінің ең жоғары деңгейіне, пайдалану және қызмет көрсету шығындарының төмен болуына, сондай-ақ жоғары сенімділік пен қолжетімділікке қол жеткізуге арналған.
MWM технологиялық жетістіктерінің ең көрнекті мысалдарының бірі – жаңа, тиімділігі жоғары TCG 4170 V20 газ қозғалтқышы. Электрлік қуаты 2 500 киловатт және электрлік ПӘК-і 46%-ға дейін жететін бұл модель күрделілігі әртүрлі үлестірілген энергетика жобаларына арналған және электр желісімен қатар жұмыс істеген кезде де, оқшауланған режимде де тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. Берік конструкциясы, пайдаланудағы жоғары икемділігі және жалпы тиімділігінің 89,1%-ға дейін жетуі TCG 4170 V20 моделін пайдалану шығындарын азайтуға және бес минуттан аз уақыт ішінде толық қуатқа жылдам шығуға ұмтылатын операторлар үшін оңтайлы шешімге айналдырады.

MWM газ қозғалтқыштарының конфигурациясын және қосалқы жабдық конструкциясын нысандағы талаптарға сәйкес бейімдейді, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша өз клиенттеріне қондырғыларды кешенді жобалау және кеңейтілген қызмет көрсету бойынша қолдау көрсетеді.

Бас кеңсесі мен өндірістік нысандары Германияның Мангейм қаласында орналасқан MWM компаниясы Шығыс Еуропа мен Орта Азияда 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Осы өңірде MWM компаниясын Алматы қаласында орналасқан MWM Austria GmbH филиалының қолдауымен Аустрияда орналасқан MWM Austria GmbH еншілес компаниясы таныстырады. Шығыс Еуропа мен Орта Азиядағы клиенттерге жалпы электр қуаты 2 ГВт-тан асатын 1 300-ден астам газ қозғалтқышы жеткізілді.
MWM компаниясының негізгі артықшылықтарына шолу:
• 150 жыл бойы үздіксіз жетілдіру – кез келген сыртқы жағдайда ең жоғары өнімділік пен пайдалану сенімділігі (қоршаған ортаның жоғары температурасы және теңіз деңгейінен биік орналасқан жерлер);
• Қолжетімділік көрсеткіші 97%-ға дейін жететін қолданыстағы жобалар;
• Жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін жабдықты тоқтату арасындағы ең ұзақ аралықтар және модельге байланысты күрделі жөндеулер арасындағы 80 000 жұмыс сағатына дейінгі аралық, сондай-ақ жабдықты бөлшектемей және мамандандырылған жөндеу шеберханасына тасымалдамай, күрделі жөндеуді нысанның өзінде жүргізу мүмкіндігі;
• Техникалық қызмет көрсету және пайдалану шығындарының төмен болуы; жабдықтың өмірлік циклі ішіндегі ең төмен шығындар;
• Электр стансаңызды интернет арқылы әлемнің кез келген нүктесінен бақылауға мүмкіндік беретін тәулік бойы жұмыс істейтін қашықтан мониторинг жүйесі;
• Келісімшарттық міндеттемелермен кепілдендірілген пайдалану сипаттамалары;
• Клиент қызметкерлерін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына үйрету – техникалық қызмет көрсету операцияларының 90%-ын орындау үшін;
• Алматы қаласындағы MWM филиалының базасында Қазақстанда қолдау қызметінің болуы.
Сіздерді компанияның негізін қалаушы Карл Бенцтен бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын MWM компаниясының 150 жылдық тарихы туралы бейнежазбаны көруге шақырамыз.
Көрменің жұмыс уақытында сіздермен MWM компаниясының №8-314 стендінде жүздесуге қуаныштымыз немесе сіздерге ыңғайлы уақытта кездесу ұйымдастыруға дайынбыз.
Бізбен хабарласудан тартынбаңыздар:
T +7 701 5724081
E Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бізді интернеттен қадағалаңыздар:
E Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- -де жасалған



