LABWARE – ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ШЕШІМ

LabWare LIMS дегеніміз не

LIMS (ЛИМС) – зертхананың бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған зертханалық ақпараттық менеджмент жүйесі.
LabWare өз класындағы заманауи әрі икемді жүйені ұсынады. Модульдік архитектурасының арқасында бұл жүйе LIMS-ті қысқа мерзімде енгізуге және клиент талаптарына сәйкес кәсіпорынның корпоративтік ақпараттық кеңістігіне бейімдеуге мүмкіндік береді.

LabWare компаниясы туралы
LabWare – зертханалардың бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлейтін америкалық компания.
Бүгінде LabWare – әлемдегі ең табысты LIMS жеткізушісі. Себебі компания құрылған сәттен бастап оның бүкіл қызметі LIMS шешімдерін әзірлеуге толықтай бағытталған.
Әлемнің 130 еліндегі 2 500-ден астам ірі компания (29 000 зертхана) LabWare клиенттері болып табылады. LabWare компаниясының зертханалардың бизнес-процестерін автоматтандыру саласындағы 35 жылдық тәжірибесі LIMS жүйелерін енгізу және дамыту кезінде жинақталған озық тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы LabWare – «А-ЛИМС» ЖШС
«А-ЛИМС» ЖШС – зертханалық процестерді автоматтандыру және зертханалық ақпараттық менеджмент жүйелерін енгізу саласындағы әлемдік көшбасшы LabWare компаниясының Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми дистрибьюторы.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметтердің барлық түрінің қолжетімді болуы Тапсырыс берушілерімізге олардың LIMS жүйелерін енгізу және дамыту үшін озық тәжірибе мен әлемдік деңгейдегі қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.
LabWare LIMS жүйесін енгізу тәжірибесі
LabWare LIMS жүйесін Қазақстанда және ТМД елдерінде Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролиум, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, Қазмырыш, Роснефть, Газпром нефть, Алмалық тау-кен металлургия комбинаты, Красцветмет, Полюс Золото, Carlsberg және басқа да көптеген компаниялар табысты пайдаланып келеді.
KIOGE 2026 көрмесінде кездескенше
LabWare командасы Сізді KIOGE 2026 көрмесіндегі «А-ЛИМС» ЖШС стендіне келіп, LabWare LIMS мүмкіндіктерімен танысуға шақырады!
Кездесу аясында біз LabWare LIMS мүмкіндіктерін таныстырып, сапаны басқару процестерін автоматтандырудың, жабдықтарды қосудың, шығындарды оңтайландырудың және өнімділікті арттырудың заманауи тәсілдерін талқылаймыз, сондай-ақ Сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз. Кездесуді асыға күтеміз!

- -де жасалған



