ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН ИТАЛИЯЛЫҚ ГАЗ СЫҒЫМДАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

«Soft Engineering Ltd» ЖШС – CuboGas S.r.l. компаниясының Қазақстан Республикасындағы және ТМД елдеріндегі ресми өкілі
KIOGE 2026 көрмесінде Soft Engineering Ltd компаниясы Snam тобына кіретін италиялық өндіруші CuboGas S.r.l. компаниясымен бірлесіп мұнай-газ саласына, газ тасымалдау инфрақұрылымына және автоаөлік газын толтыру компрессорлық стансаларына (АГТКС) арналған заманауи компрессорлық технологиялар мен жабдық ұсынады.
CuboGas табиғи газға және әртүрлі технологиялық мақсаттарға арналған компрессорлық жүйелерді әзірлеуге және өндіруге маманданған. Жабдық Италияда өндіріледі және әлемнің түкпір-түкпіріндегі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілерге жеткізіледі.

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНА АРНАЛҒАН КОМПРЕССОРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
CuboGas қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мұнай-газ кен орындарына, газ өндіру, дайындау және тасымалдау объектілеріне, сондай-ақ магистральдық газ инфрақұрылымына арналған компрессорлық шешімдер.
Технологиялық міндетке байланысты CuboGas мынадай мақсаттарға арналған шешімдерді ұсынады:
• табиғи және ілеспе газды сығымдау;
• газ өндіру және дайындау объектілерінде газ қысымын арттыру;
• мұнай-газ кен орындарында газды сығымдау;
• магистральдық және газ тарату инфрақұрылымы объектілері;
• газды рекуперациялау және қайта пайдалану;
• компрессорлық жабдықты жеке таңдауды талап ететін мамандандырылған технологиялық міндеттер.
Компрессорлық қондырғылар қажетті қысымды, өнімділікті, газ құрамын, қоршаған орта жағдайларын және нақты объектінің пайдалану режимін ескере отырып жобаланады.

АГТКС-ҚА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ШЕШІМДЕР
Soft Engineering Ltd және CuboGas компанияларының Қазақстандағы екінші маңызды бағыты – сығымдалған табиғи газ (CNG) инфрақұрылымына арналған шешімдер.
Компания жаңа автокөлік газын толтыру компрессорлық стансаларын (АГТКС) салуға және қолданыстағыларын жаңғыртуға арналған жабдықтар мен кешенді инженерлік шешімдерді ұсынады, соның ішінде:
• компрессорлық қондырғылар;
• газды кептіру және дайындау жүйелері;
• газ сақтау жүйелері;
• газ тарату жабдығы;
• жабдықты жобалау және таңдау;
• монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары;
• сервистік қызмет көрсету және қосалқы бөлшектерді жеткізу.
КОМПРЕССОРЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ
Soft Engineering Ltd және CuboGas қызметінің жеке бағыты – қолданыстағы объектілердегі ескірген компрессорлық қондырғыларды жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және ауыстыру.
Мамандар қолданыстағы жабдықты бағалап, жекелеген құрамдас бөліктерді жаңғыртудан бастап компрессорлық қондырғыны толық ауыстыруға дейінгі оңтайлы техникалық шешімді ұсынады.
Мұндай тәсіл жабдық сенімділігі мен өнімділігін арттыруға, жоспардан тыс тоқтап қалуларды қысқартуға және объектінің ұзақ мерзімді тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОЛДАУ
Soft Engineering Ltd компаниясы Қазақстандағы CuboGas жобаларына жергілікті деңгейде толық сүйемелдеу көрсетеді – техникалық міндетті айқындау мен жабдықты таңдаудан бастап оны жеткізуге, монтаждауға, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге, сервистік қызмет көрсетуге және қосалқы бөлшектерді жеткізуге дейін.
KIOGE 2026 көрмесінде Soft Engineering Ltd және CuboGas мамандары мұнай-газ кен орындарына, газ тасымалдау инфрақұрылымына және АГТКС-қа арналған шешімдерді, сондай-ақ қолданыстағы компрессорлық жабдықты жаңғырту және ауыстыру мүмкіндіктерін ұсынады.
- -де жасалған



