«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ («БҚМЖК» АҚ)

«БҚМЖК» АҚ – көмірсутек шикізатын өндіруге және тасымалдауға арналған отандық жоғары технологиялық жабдық, энергетикалық жабдық пен металл конструкция өндірушісі. Компания Қазақстан машина жасау саласындағы көшбасшылар қатарына кіреді, ғылымды қажетсінетін өндірісті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысады және мемлекеттік әрі халықаралық марапаттарға ие болған.
Өндірістік кешен дайындама жасау, қалыптау, механикалық өңдеу, дәнекерлеу-құрастыру және құрал-сайман өндірістерін, сондай-ақ сапа бақылау жөніндегі сынақ орталығын қамтиды. Компания конструкторлық әзірлемеден бастап дайындау, жеткізу, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына дейінгі толық өндірістік циклді қамтамасыз етеді.

Негізгі қызмет бағыттары:
● Мұнай қыздыру пештері мен жылу алмастыру жабдығын жобалау, өндіру және монтаждау
● Мұнайды дайындау және тасымалдау объектілерін «кілтпен тапсыру» негізінде реконструкциялау және автоматтандыру
● Көлемі 5–250 м³ болатын жоғары қысымды ыдыстарды, оның ішінде сепараторларды, құбыр шоғырларын және жылу алмастыру аппараттарын өндіру
● Көлемі 5–250 м³ болатын қара және түсті металдардан жасалған сыйымдылық жабдығын өндіру
● Магистральдық газ құбырларының газ айдау агрегаттарына арналған жабдық дайындау, жөндеу және монтаждау
● Металл конструкция мен стандартты емес жабдық дайындау
● Газтурбиналық қондырғыларға сервистік қызмет көрсету
Стендте: МҚП-10 мұнай қыздыру пеші

Компания стендінде «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша «БҚМЖК» АҚ жобалап, дайындаған МҚП-10 пешінің макеті ұсынылады. Пеш әлемнің кез келген жеріне тасымалдау мен монтаждауды жеңілдететін блоктық конструкцияға ие. Рекуперация жүйесі мен ағыншалы-ойықты жану оттықтары пайдалы әсер коэффициенті 85%-ға дейін жетуін және газ шығыны төмендеуін қамтамасыз етеді. Пеш автоматты басқару жүйесімен жабдықталған, объектінің SCADA жүйесімен біріктірілген және әртүрлі ауа райы жағдайларында сынақтардың толық циклінен өткен. Өрт қауіпсіздігі автоматты азот қондырғысымен қамтамасыз етіледі; өнеркәсіптік қауіпсіздік әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
МҚП-10 техникалық сипаттамалары:
Пайдалы жылу қуаты – 8 Гкал/сағ
∆t = 40 °C болған кездегі қыздырылатын өнім шығыны – 600 м³/сағ
Пешке кіреберістегі өнім қысымы, ең көбі – 63 кгс/см²
Оттық саны – 4 дана
8 Гкал/сағ қуат кезіндегі газ шығыны – 1 000 м³/сағ
Рекуперация жүйесінің болуы – бар
Пештің пайдалы әсер коэффициенті – 85%
Габариттік өлшемдері (Ұ × Е × Б) – 16,4 × 7,5 × 22 м
Пеш массасы – 133 800 кг
- -де жасалған



