АРИДА. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫ ҮШІН 1С НЕГІЗІНДЕ БИЗНЕСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ

Бизнес өскен сайын стандартты шешімдер жеткіліксіз болып кетеді
Дамудың белгілі бір кезеңінде іс жүзінде әрбір компания бірдей мәселелерге тап болады. Деректер әртүрлі жүйелерде сақталады, қызметкерлер есепті Excel бағдарламасында жүргізеді, бөлімшелердің жұмысы өзара үйлеспейді, басшылар есептерді кешіктіріп алады, ал басқарушылық шешімдер қабылдау нақты көрсеткіштерге емес, болжамдарға тәуелді бола бастайды.

Бұл үдерістер уақтылы өзгертілмесе, компанияның өсуі баяулай бастайды. Қате саны көбейеді, операциялық шығындар артады, бизнесті бақылау қиындайды және компанияны жылдам ауқымдау іс жүзінде мүмкін болмай қалады.
Арида компаниясы дәл осы міндеттерді шешеді.
Біз 20 жылдан астам уақыт бойы 1С:Кәсіпорын платформасы негізіндегі корпоративтік ақпараттық жүйелерді енгізіп, Қазақстан кәсіпорындарына бизнесті ашық, басқарылатын және ауқымдауға болатын басқару жүйесін құруға көмектесіп келеміз.
Осы уақыт ішінде тобымыз жүзеге күрделілігі әртүрлі деңгейдегі 4 000-нан астам жоба асырды. Бүгінде компанияда 100-ден астам сертификатталған маман жұмыс істейді, бұл кез келген ауқымдағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Біз құр бағдарлама енгізе салмаймыз. Біз компанияны басқару жүйесін құрамыз.

Ірі бизнес үшін 1С жүйесін енгізу әлдеқашан бағдарламалық жасақтаманы жай ғана сатып алу болудан қалды.
Бұл – компания үдерістерін өзгерту жобасы.
Біздің міндетіміз жүйені орнатумен ғана шектелмейді. Біз кәсіпорынның барлық бөлімшесін әрбір бизнес-үдеріс бірыңғай ережелер бойынша жұмыс істейтін, ал басшылық шешім қабылдау үшін шынайы ақпарат алатын ортақ ақпараттық кеңістікке біріктіреміз.
Біз жобаның барлық кезеңінде клиентке қолдау көрсетеміз:
• кәсіпорынның ағымдағы үдерістерін талдау;
• есеп жүргізудің жаңа архитектурасын жобалау;
• функционалды әзірлеу;
• жүйені баптау және енгізу;
• бөгде қызметтермен және жабдықпен интеграциялау;
• тарихи деректерді көшіру;
• қызметкерлерді оқыту;
• тәжірибелік пайдалану;
• өндірістік іске қосу;
• жүйені одан әрі сүйемелдеу және дамыту.
Мұндай тәсіл енгізу тәуекелдерін барынша азайтуға және бизнес үшін нақты экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1С:ERP – кәсіпорынның бірыңғай цифрлық платформасы
Арида компаниясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – 1С:ERP жүйесін енгізу.
Бұл кәсіпорынның барлық негізгі үдерісін біріктіретін заманауи корпоративтік ақпараттық жүйе:
• қаржыны басқару;
• өндіріс;
• сатып алу;
• сату;
• қойма логистикасы;
• бюджеттеу;
• қазынашылық;
• қызметкерлерді басқару;
• өзіндік құнды есептеу;
• басқарушылық есеп;
• регламенттелген есеп;
• талдау және басқарушылық есептілік.
Бір-бірімен байланыспаған көптеген кестелер мен бағдарламалардың орнына компания әрбір бөлімше нақты уақыт режимінде өзекті деректермен жұмыс істейтін бірыңғай жүйеге ие болады.
Басшы бірнеше рет басу арқылы бизнестің толық көрінісін көруге мүмкіндік алады.
Біз қандай міндеттерді шешеміз
Біз стандартты шешімдер жеткіліксіз болған компанияларға көмектесеміз.
Көбінесе бізге мынадай міндеттерді шешу қажет болған кезде жүгінеді:
• бірнеше филиалды бірыңғай жүйеге біріктіру;
• өндірістік үдерістерді автоматтандыру;
• ашық басқарушылық есепті ұйымдастыру;
• бюджеттеу мен қаржылық жоспарлауды енгізу;
• сатып алу және жабдықтау үдерістерін автоматтандыру;
• өнімнің өзіндік құнын бақылау;
• қоймалардың жұмысын жеделдету;
• қызметкерлердің қол еңбегін қысқарту;
• ақпараттың қайталануын болдырмау;
• 1С жүйесін CRM, интернет-дүкендер, маркетплейстер, касса жабдығы, банк қызметтері және басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялау;
• ескірген шешімдерді заманауи корпоративтік платформамен алмастыру.
Біздің тәсіліміз классикалық енгізуден ерекшеленеді
Жобалардағы мәселелердің көпшілігі әзірлеу басталғанға дейін туындайды.
Сондықтан біз жоба алдындағы зерттеуге ерекше назар аударамыз.
Мамандарымыз компания үдерістерін егжей-тегжейлі зерделейді, осал тұстарын анықтайды, есеп жүргізудің қолданыстағы архитектурасын талдайды, болашақ жұмыс үлгісін келіседі және содан кейін ғана жобаны іске асыруға кіріседі.
Мұндай тәсіл жұмыс көлемін алдын ала анықтауға, тәуекелдерді барынша азайтуға, енгізу барысында қымбат өзгерістерге жол бермеуге және болжамды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Біз үшін табысты жоба бағдарламалаудан емес, клиенттің бизнесін терең түсінуден басталады.
Неліктен ірі компаниялар Ариданы таңдайды
Кәсіпорындарды автоматтандыру саласындағы 20 жылдан астам тәжірибе.
Бүкіл Қазақстан бойынша 2 000-нан астам тұрақты клиент.
Сәтті жүзеге асырылған 4 000-нан астам жоба.
100-ден астам сертификатталған маманнан құралған топ.
Әртүрлі саладағы кәсіпорындарға күрделі корпоративтік жүйелерді енгізу тәжірибесі.
Талдаушылардан, архитекторлардан, әзірлеушілерден, консультанттардан және сүйемелдеу мамандарынан құралған жеке топ.
Бөгде мердігерлерді тартпай жүзеге асырылатын жобаның толық циклі.
Жүйе енгізілгеннен кейін ұзақ мерзімді сүйемелдеу.
Біз әртүрлі саладағы кәсіпорындармен жұмыс істейміз
Біздің шешімдеріміз өндірістік компанияларда, сауда желілерінде, дистрибьюторлық компанияларда, логистикада, құрылыста, медициналық ұйымдарда, қызмет көрсету саласында, агроөнеркәсіптік секторда және экономиканың басқа да салаларында сәтті қолданылады.
Әрбір жоба нақты бизнестің ерекшеліктері ескеріле отырып құрылады. Біз әмбебап үлгілерді ұсынбаймыз, керісінше компанияның тиімдірек жұмыс істеуіне нақты көмектесетін шешімдер жасаймыз.
Өлшенетін нәтиже беретін автоматтандыру
Корпоративтік шешімдерді енгізу нәтижесінде клиенттеріміз мынадай мүмкіндіктерге ие болады:
• компанияны ашық басқару;
• қызметкерлердің қол еңбегін қысқарту;
• қате санын азайту;
• ақпаратты өңдеуді жеделдету;
• басқарушылық шешім қабылдау жылдамдығын арттыру;
• қаржы ағындарын толық бақылау;
• нақты уақыт режиміндегі дәл талдау;
• үдерістерде ретсіздік туғызбай бизнесті ауқымдау мүмкіндігі.
Автоматтандыру шығыс бабынан компанияны дамыту құралына айналады.
Арида. Бизнесіңізді дамытуға арналған цифрлық негіз
Компанияңыз Excel-ден, өзара байланыспаған көптеген бағдарлама мен деректерді қолмен аралаудан асып кетсе, кәсіпорынды басқарудың бірыңғай жүйесін құратын уақыт келді.
Арида компаниясының мамандары ағымдағы үдерістерді талдауға, өсу нүктелерін анықтауға және бизнесті басқарылатын, ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік беретін шешім ұсынуға дайын.
Арида – Қазақстанның ірі кәсіпорындарына бүгінде сенімді дамуға және алдағы жылдардағы өсудің негізін қалауға көмектесетін 1С:ERP негізіндегі корпоративтік шешімдерді енгіземіз.
- -де жасалған



