AEC Kazakhstan (Almaty Electro Consult) ЖШС — мұнай-газ саласы нысандары үшін кепілдендірілген электрмен жабдықтау жүйелерін «кілтпен тапсыру» негізінде жеткізу.

Кен орнында, газ өңдеу зауытында, компрессорлық станцияда және диспетчерлік пунктте электрмен жабдықтаудың үзілуіне жол берілмейді. Біз АБЖ ТП (АСУ ТП), SCADA және БӨА (КИПиА) жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз.
Күштік жабдықтың тоғыз санаты: ИБП (ҮҚҚ) (1–3600 кВА), дизельді және газ-поршеньді электр станциялары (4,25 МВт-қа дейін), аккумуляторлық батареялар, зарядтау-түзеткіш құрылғылар және 10–500 кВ қосалқы станцияларға арналған СОПТ, кернеу тұрақтандырғыштары, статикалық ауыстырып-қосқыштар, жиілік түрлендіргіштері, оқшаулағыш трансформаторлар.
Еуропа мен Азияның 12 серіктес бренді, Алматыдағы қойма, толық цикл — аудиттен бастап тәулік бойы (24/7) сервистік қызмет көрсетуге дейін. Саладағы жүзеге асырылған жобалардың қатарында — NCOC, ҚазақОйл Ақтөбе, CNPC Ақтөбемұнайгаз.
Тоқтап қалуға жол берілмейтін жерде — электрмен жабдықтау кепілдендірілген болуы тиіс.
Біздің компанияның негізгі қызмет бағыты — келесі жабдықтарды «кілтпен тапсыру» негізінде жеткізу:
• ИБП (ҮҚҚ) | UPS – КТ, МРТ, ангиография аппараттары, медициналық клиникалар, жеке және мемлекеттік ауруханалар үшін үздіксіз қоректендіру көздері.
• ДГУ | ДЭС – дизель-генераторлық қондырғылар, нысанды резервтік электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
• Рентген қондырғыларына арналған кернеу тұрақтандырғыштары.
• Операциялық бөлмелер мен реанимация бөлімшелеріне арналған оқшауланған электрмен жабдықтау жүйелері.
• Медициналық инфрақұрылым нысандарындағы үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету.
AEC Kazakhstan (Almaty Electro Consult) ЖШС — аса маңызды жабдықтардың, құрылғылардың және технологиялық процестердің үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелерін құрудағы Сіздің стратегиялық серіктесіңіз.


- -де жасалған



