ЕУРОПАДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰБЫР АРМАТУРАСЫНЫҢ ЕҢ ІРІ ӨНДІРУШІСІ
ITALBEST VALVE – бүкіл әлемге танылған құбыр арматурасын өндіруші және өз саласындағы жетекші италиялық компаниялардың бірі. Компания халықаралық нарықта кеңінен ұсынылған және Мысыр, Сауд Арабиясы, Малайзия, Аустралия және басқа да елдердің нарықтарында жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.
Механикалық өңдеу, құрастыру, дәнекерлеу, сынау, қаптау және логистика нысандарын қамтитын өндірістік цехтер мен кеңселердің жалпы ауданы 75 000 м² құрайды. Осының арқасында IBV Еуропадағы құбыр арматурасының ең ірі өндірушісі болып табылады.
Өнім ассортиментіміз API 6D ШАРЛЫ КРАНДАРЫН, соның ішінде API 6DSS суасты үлгілері мен HIPPS жүйелеріне арналған үлгілерді, қысымы теңестірілген майланатын ТЫҒЫНДЫ КРАНДАРДЫ, қос немесе үш эксцентриситеті бар ДИСКІЛІ БҰРЫЛМАЛЫ ЖАПҚЫШТАРДЫ, сондай-ақ ЫСЫРМАЛАРДЫ, ШҰРАЛАРДЫ ЖӘНЕ КЕРІ КЛАПАНДАРДЫ (GGC) қамтиды, және олармен шектелмейді.

IBV төтенше температура жағдайларында жұмыс істей алатын құбыр арматурасын өндіреді: жоғары температуралы қолдану жағдайларында +650 °C-қа дейін және криогендік жағдайларда −196 °C-қа дейін. Компания негізінен мұнай, газ, су, сутегі, мұнай-химия және атом өнеркәсібіне қызмет көрсетеді.
IBV бәсекеге қабілетті баға, 100% Италияда өндірілген өнім, жеделдетілген жеткізу, құрамдас бөлшектердің ауқымды ішкі қойма қорын, сондай-ақ API, ISO, FIRE SAFE, PAT, TAT, FET, PED, ATEX және басқа да халықаралық деңгейде мойындалған көптеген салалық сертификаттарды ұсынады.
Біз қызмет көрсететін негізгі салаларға мұнай-газ, су, сутегі, мұнай-химия және атом өнеркәсібі жатады.

НЕЛІКТЕН БІЗДІ ТАҢДАҒАН ЖӨН?
1. Аса бәсекеге қабілетті бағалар
Біз тіпті Азия нарығымен салыстырғанда да тиімді баға ұсынамыз.
2. Кең 100% Италияда өндірілген өнім ассортименті
Жоғары сапалы өнімдеріміз ең озық технология пайдалана отырып өндіріледі.
3. Жеке тапсырыс бойынша өндірілетін өнімдер
Сіздің талаптарыңызға сәйкес кез келген түр мен өлшемдегі құбыр арматурасын өндіреміз.
4. Өнімдердің ауқымды ішкі қойма қоры және жеделдетілген жеткізу
Өнімдердің меншікті қойма қорының арқасында біз барлық клиенттерімізге тауарлардың жедел жетеріне кепілдік береміз.
6. Халықаралық деңгейде мойындалған сертификаттар
API 6D, API 6DSS, API 609, ISO, FIRE SAFE, PAT, PED, ATEX, EAC, FET, TAT және басқалары.
6. Ішкі сапа бақылау
Өндірістік және сынақ процестерінің барлығы, соның ішінде гипербариялық, жоғары қысымды, криогендік және жоғары температуралық сынақтар және басқа да сынақ түрлері компанияның өз күшімен орындалады.
Дамыған коммуникация желісі IBV компаниясының тұрақты табысының негізі болып табылады және жоба циклінің әрбір кезеңінде клиенттерге тиімді, жедел, дербестендірілген әрі сенімді қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
- -де жасалған



