DISTRITECH – ЗЕРТХАНАЛАР МЕН ӨНЕРКӘСІПКЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ШЕШІМДЕР
«DistriTech» ЖШС – Орта Азия кәсіпорындарына зертхана, талдама және өнеркәсіп жабдығын жеткізуші. Компания мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен өндіру, металлургия, энергетика, тамақ, фармацевтика және экология салаларына арналған жобаларды іске асырып, тапсырыс берушілерге заманауи жабдықпен қатар зертханалар мен өндірістік алаңдарды жарақтандырудың кешенді тәсілін ұсынады.

DistriTech компаниясының бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, ал өкілдіктер желісі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Гүржістан, Түрікменстан және Моңғолияны қамтиды. Компания жеткізетін жабдық Орта Азия мен Моңғолиядағы 350-ден астам кәсіпорында табысты пайдаланылуда.
DistriTech портфеліне Anton Paar, RETSCH, Bruker, Thermo Fisher Scientific, QATM, Grabner Instruments, Acoem, ELTRA, Carbolite және басқа да зертханалық әрі өнеркәсіптік жабдық брендтері сияқты жетекші әлемдік өндірушілердің шешімдері кіреді. Компания жабдықты таңдау, жеткізу, пайдалануға беру, қызметкерлерді оқыту, кепілді және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету, сондай-ақ техникалық және әдістемелік қолдауды қамтитын толық сүйемелдеу циклін қамтамасыз етеді.
Мұнай-газ саласына арналған Anton Paar шығын өлшегіштері
Мұнай-газ кешені кәсіпорындары үшін шығынды дәл өлшеу тұрақты әрі қауіпсіз технологиялық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Мұнаймен, мұнай өнімдерімен, химиялық реагенттермен, сұйытылған газдармен және сутегімен жұмыс істегенде, сондай-ақ жоғары қысым жағдайында орталарды мөлшерлеу және беру кезінде ағынды бақылау қажет.
Anton Paar компаниясының заманауи шешімдерінің бірі – аса жоғары қысымға арналған L-Cor 8500 Кориолистік шығын өлшегіші. Аспап күрделі өнеркәсіптік жағдайларда сұйықтықтар мен газдардың массалық шығынын дәл өлшеуге арналған және сенімділік, қауіпсіздік пен жоғары өлшеу дәлдігі аса маңызды міндеттерде қолданылуы мүмкін.

Мұнай-газ саласында мұндай шығын өлшегіштер химиялық реагенттерді айдау, технологиялық ағындарды бақылау, агрессивті орталармен және жоғары қысымды жүйелермен жұмыс істеу процестерінде, сондай-ақ температураның, қысымның немесе орта қасиеттерінің өзгеруіне қарамастан тұрақты өлшеуді талап ететін міндеттерде ерекше өзекті.
L-Cor 8500 негізгі артықшылықтары:
• аса жоғары қысым жағдайында жұмыс істеу;
• сұйықтықтар мен газдардың массалық шығынын дәл өлшеу;
• күрделі өнеркәсіптік жағдайларға төзімділік;
• тиісті сертификаттаманың арқасында қауіпті аймақтарда қолдану мүмкіндігі;
• химиялық агрессивті орталармен жұмыс істеген кездегі жоғары сенімділік;
• жабдықты таңдау мен пайдаланудың барлық кезеңдерінде DistriTech мамандарының қолдауы.
Anton Paar шығын өлшегіштерін пайдалану мұнай-газ кәсіпорындарына өндірістік бақылаудың дәлдігін арттыруға, технологиялық ауытқу тәуекелін төмендетуге, процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жедел шешім қабылдау үшін сенімді дерек алуға мүмкіндік береді.
DistriTech нақты пайдалану жағдайларына, өндіріс талаптарына және кәсіпорын міндеттеріне сәйкес оңтайлы шешім таңдауға көмектеседі.
Сізге міндет – бізден шешім.

- -де жасалған



