ARMTEL – ӨНЕРКӘСІПКЕ АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ-ЕНГІЗУШІСІ
Armtel – байланыс және қауіпсіздік жүйелерінің қазақстандық өндірушісі әрі интеграторы. Біз Arman технологиялық холдингінің құрамына кіреміз және Arman Engineering халықаралық интеграторының ресурстарына сүйенеміз. 25 жылдан астам уақыт бойы:
• қызметкерлер мен бизнес активтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
• төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын барынша азайтуға;
• жұмыстың тоқтап қалу тәуекелдерін төмендетуге;
• жүйелерге қызмет көрсету шығындарын оңтайландыруға көмектесіп келеміз.
Жобаларымыздың географиясы 20-дан астам елді қамтиды. Клиенттеріміздің қатарында Indian Oil, Bharat Petroleum, Qatar Steel, CPCL, Sonatrach, PDIL, EIL, BHEL, «Лукойл» және «Газпром» бар. Бізге «ҚазТрансОйл» АҚ, ERG, «Қазфосфат», «Қазхром», «Астана-Энергия», «Полиметалл» және ПМХЗ сияқты қазақстандық компаниялар сенім білдіреді.
Шешімдеріміз қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді:
• Қазақстандық өндіруші мәртебесі расталған (CT-KZ сертификаты).
• Жобалау қызметі мен құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған I санаттағы мемлекеттік лицензиялар.
• ҚР техникалық регламенттеріне, КО ТР 043 талаптарына (өрт қауіпсіздігі) және жарылыс қаупі бар аймақтарға қойылатын талаптарға сәйкестік сертификаттары.
• Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаты.
• ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесінің сертификаты.
Сапалы интеграцияны өзіміздің инженерлік ресурстарымыз қамтамасыз етеді
R&D орталығы, жобалардың бас инженерлері, жобалаушылар және меншікті өндірістік алаңдар тапсырыс берушінің бірегей міндеттеріне сай жабдық әзірлеуге, бейімдеуге және шығаруға, өнім сапасын бақылауға әрі жұмыстың тоқтап қалу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Көрмеде Armtel бағдарламалық-аппараттық кешені негізіндегі жүйелерді көріп, сынап көре аласыз
Armtel – барлық байланыс және хабарлау арналарының үздіксіз интеграция орталығы. Ол бір жабдық негізінде бірнеше жүйені қатар іске асыруға және барлық коммуникацияны бірыңғай терезеден басқаруға мүмкіндік береді.

Armtel жүйесі қатаң өнеркәсіптік жағдайларға төзімді:
• 1 және 2-аймақтарға арналған жарылыстан қорғалған орындалым
• Химиялық заттар мен абразивтерге төзімді корпустар
• Қабықшаның жоғары қорғаныс дәрежесі (IP)
• Белсенді және пассивті шу басу
Cіздің стратегиялық серіктесіңізге айналамыз
Біз үшін жабдықты орнатып қана қою емес, бүкіл жүйенің барлық пайдалану мерзімі ішінде дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды.
• Сәйкестік кепілдігі – инфрақұрылымның талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, реттеушілік тәуекелдерді басқаруды өз мойнымызға аламыз.
• Бизнес қызметінің үздіксіздігі – бизнес-процестердің қымбатқа түсетін тоқтауына әкелуі мүмкін қауіптерді алдын ала анықтап, бейтараптандырамыз.
• Инвестицияларға ұқыпты қарау – тапсырыс берушінің міндеттері мен бюджетіне сай оңтайлы шешім таңдаймыз.
• Жеке техникалық шешімдер – жабдықтарды бизнесіңіздің міндеттеріне сәйкес әзірлеп, бейімдейміз.
• Тапсырыс беруші талаптарын орындаймыз – бизнес-процестеріңіз бен жүйелерге қойылатын талаптарыңызға бейімделеміз.
Бизнес-міндеттеріңізге сай шешім әзірлейміз
Мұнай өңдеу зауытындағы жедел-технологиялық байланыстың функционалдық сұлбасының үлгісі:

- -де жасалған



