“Теңізшевройл” ЖШС (ТШО) – шикі мұнайды, СКГ, құрғақ газды және күкіртті Жылыой аудандағы Теңіз және Королев кен орындарында барлауды, әзірлеуді, өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын қазақстандық компания
“Теңізшевройл” ЖШС (ТШО) – шикі мұнайды, СКГ, құрғақ газды және күкіртті Жылыой аудандағы Теңіз және Королев кен орындарында барлауды, әзірлеуді, өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын қазақстандық компания. ТШО 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен “Шеврон” корпорациясы арасындағы құрылды. Қазіргі уақытта серіктестер: “Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «Лукойл» - 5%. ТШО-дағы барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде жүргізіледі.
Құрылған күнінен бастап, ТШО елімізге 196 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тікелей қаржылық төлемдерді жүзеге асыра отырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етті. 12 жылдық кезеңді қамтитын тәуелсіз зерттеу ТШО Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 11%-ға дейінін ынталандыратынын көрсетті. Сонымен қатар, ТШО мен оның мердігер компаниялары Қазақстан Республикасының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінің 30%-ға дейін құрайды.
Үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық міндеттемелерін мінсіз орындағаны үшін «Теңізшевройл» ЖШС «Жер қойнауын пайдаланушы» категориясы бойынша «Қазақстандағы үздік салық төлеуші» деп таныды. Тек 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында ТШО-ның Қазақстанға тікелей төлемдері шамамен 6,2 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішіне қазақстандық қызметкерлердің жалақысы, отандық өндірушілер мен жеткізушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу, мемлекеттік кәсіпорындарға төлемдер, қазақстандық серіктеске дивидендтер төлеу, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке аударылатын салықтар мен роялти кіреді.
ТШО-ның негізгі активі – қызметкерлері. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары ТШО-ның негізгі өндірісіндегі лауазымдардың 95%-ын иемденіп отыр, ал қазақстандық менеджерлер мен супервайзерлер компанияның басқарушы қызметкерлерінің 87,6% құрайды. Талантты отандық қызметкерлерге инвестиция салу нәтижесінде 2007 жылдан бері 460-тан астам қазақстандық маман негізгі басшылық және техникалық лауазымдардағы шетелдік әріптестерін алмастырды. «Жұмыс берушілер брендін қабылдау саласындағы кең ауқымды тәуелсіз зерттеу нәтижесіне орай, ТШО үш жыл қатарынан Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болып танылды.
Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін қазақстандық тауарлар нарығының тұрақты дамуы ТШО-ның даму стратегиясының негізі болып табылады және Қазақстан экономикасына айтарлықтай пайда әкеледі. Кәсіпорында келешекте тауарларды сатып алу барысында қазақстандық қамтуды алдын ала жоспарлауды, жаңа жеткізушілердің өндірісті жергіліктендіру міндеттемелерін, қызметкерлер құрамын оқытуын, отандық тауарларды сатып алуды жүйелі бақылауды қамтитын өндірісті жергіліктендіруді ынталандыру жүйесі бар. Осындай шаралардың арқасында 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында ТШО Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аясында жұмсалған 760 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны қоса алғанда қазақстандық қамтуды дамытуға 1,5 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады. Жалпы алғанда, 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден 49,2 миллиард АҚШ доллардан астам сомаға тауарлар мен қызметтерді сатып алды.
ТШО құрылғаннан бері Атырау облысындағы мектептер, ауруханалар, демалыс орындары, балабақшалар мен басқа да қоғамдық орындары сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және жақсартуға бағытталған 120-дан астам әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларға 385 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция бөлді. Тек 2023 жылы ТШО Атырау облысында жалпы сыйымдылығы 600-ден асатын 2 мектептің және Құлсары қаласында толық жабдықталған 75 төсек-орындық орталық аудандық аурухананың құрылысын қаржыландырылған болатын.
Сонымен қатар, 2024 жылы ТШО Жылыой ауданы мен Атырау облысындағы су тасқынымен күресуге шұғыл көмек көрсетуге, ұзындығы 16 шақырым бөгет салуға (Алмалы жобасы), әрі еріктілермен және ТШО қызметкерлерінің қайырымдылығын қоса алғанда 4,5 тонна гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуге, су деңгейі төмен түскен кезде қайта қалпына келтіру жұмыстарына 2 миллиард теңге бөлді.
- -де жасалған