29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

KIOGE 2024 АЛТЫН СЕРІКТЕСІ - NCOC

ncoc site

Солтүстік Каспий жобасы Қазақстан Республикасында теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игерудің алғашқы ірі жобасы болып табылады. Жоба үш кен орнын қамтиды: Қашаған, Қайран және Ақтоты.

Алып Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады; оның өндірілетін мұнай қоры шамамен 9-13 млрд баррельді (1-2 млрд тонна) құрайды. Қашаған кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км жерде, су тереңдігі 3-4 метр қайраң аймағында орналасқан және 4 км (4 200 метр) астам тереңдікте жатыр. Өндірістік объектілерге теңіз және құрлық кешендерінің құрылыстары жатады.

2016 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет Қашаған Теңіз кен орнында мұнайды коммерциялық өндіру басталды.

  • -де жасалған