29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

«Теңізшевройл» ЖШС компаниясының семинары

Сіздерді 26 қыркүйек күні, сағат 10:30 – 11:30 -ге дейін « Қазақстандық қамтуды дамыту және ТШО тендерлік процесінің ерекшеліктері» семинарына KIOGE 2024 көрмесіне қатысуға шақырамыз.

Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін тауарлар мен қызметтердің қазақстандық нарығын тұрақты дамыту «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) даму стратегиясының негізі болып табылады және Қазақстан экономикасы үшін айтарлықтай пайда әкеледі. Қазақстандық жеткізушілердің дамуына ықпал ету мақсатында ТШО өкілдері бірнеше тақырыпты қамтитын семинар өткізеді.

«Жеткізушілердің қызығушылығын білдіру» (SEOI – Supplier Expression of Interest) жүйесінде тіркеуден бастап және тендерге қатысумен аяқтай отырып, ТШО жеткізушісі болу процесі кезең-кезеңімен талданатын болады. Семинарға қатысушылар ТШО-ның сатып алу жоспарларының мерзімдері туралы ғана емес, тендерлерге қатысу ережелері, әлеуетті өнім берушілер мен бизнес-серіктестерге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ ТШО қазақстандық компанияларды дамыту бағдарламасына қатысу үшін компанияларды қалай іріктейтіні және жергілікті компанияларды дамытудың негізгі кезеңдері туралы біле алады. Компания мамандары тендерлік өтінім беру бойынша ұсыныстар жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.

Айта кететін ақпарат, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана ТШО қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуға шамамен 1,5 миллиард АҚШ долларын, оның ішінде Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аясында 760 миллион АҚШ долларынан астам көлемде ақша жұмсады. Оның ішінде тауарларды сатып алудың үлкен үлесі құрылыс материалдарына, қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған тауарларға, дизель, химикаттарға, контейнерлер мен орау материалдарына және т.б. тиесілі. Жалпы 1993 жылдан бері ТШО 49,2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алды.

Спикерлер:

- Лұкманов Олжас Ермұратұлы - Қазақстандық қамту бөлімінің ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тобының жетекшісі

Olzhas Lukmanov site

- Байманалиев Ринат Борисұлы - Қазақстандық қамту бөлімінің жергілікті жеткізушілерді дамыту жөніндегі тобының жетекшісі

Rinat Baimanaliyev site

- Адырбекова Айгүл Ерманқызы - Жабдықтау процесстерінің консультанты

Aigul Adyrbekovasite

- Қадірбекова Әсел Амангелдіқызы - Бизнес-процестер жөніндегі жетекші кеңесші

Asel Kadirbekova site

- Ерғалиев Асхат Асылбекұлы - Қазақстандық қамту бөлімінің маманы

Askhat Yergaliyev site

Сіздерді 27 қыркүйек күні, сағат 10:30 – 11:30-ге дейін күтеміз!

Өтетін орны: КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ, 9-ПАВИЛЬОН, 2-ҚАБАТ, №9-079 СТЕНД

  • -де жасалған