30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АЛАҢ – KIOGE 2024 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ МАМАНДАРДЫ ҚАЙТА БІРІКТІРДІ

2024 ЖЫЛДЫҢ 25–27 ҚЫРКҮЙЕГІ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРА 29-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» — KIOGE 2024 КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ.

KIOGE 2024 көрмесі

Көрме «Атакент» ҚІЫО аумағында орналасты және Австрия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Үндістан, Италия, Латвия, Қазақстан, Корея, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Ресей, Румыния, Түркия, Франция, Чехия сияқты 20 елден 340 компанияны біріктірді. Қатысушылар арасында Германия, Қытай және Ресейдің ұлттық стендтері ұсынылды, ал 40% экспонент алғаш рет өз өнімдерін таныстырды. Келушілер мұнай-газ кәсіпорындары үшін жаңа технологиялық және бағдарламалық шешімдермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Экспо-шара 117 отандық компания мен 223 халықаралық қатысушы үшін тартылыс орталығына айналды, бұл KIOGE-нің отандық мұнай-газ саласы үшін ғана емес, сонымен қатар энергетика саласындағы стратегиялық мәселелерді талқылайтын маңызды глобалдық алаңға айналғанын көрсетеді.

Іс-шара дәстүр бойынша әлемнің әртүрлі елдерінен 5 087 бірегей келушіні жинады. Келушілер көрменің жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері үшін алаң болып табылатынын атап өтті. «Көрме бізге шынымен де көп пайдалы байланыстар әкелді және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Мен осындай алаңдардың мұнай-газ саласының дамуына маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Мұнда бір жерде көп компаниялар шоғырланған, әркім өз клиентін немесе серіктесін таба алады. Бұл бизнестің дамуы үшін қуатты құрал», - деді Елизавета Сидорова, сату менеджері, HEBEI Sinopulse Tech Group CO., LTD.

Көрменің маңызды оқиғаларының бірі отандық Nursai Energy LLP компаниясы мен VBR Turbine Partners Нидерланды компаниясы арасында келісімшартқа қол қою болды. Бұл келісім халықаралық ынтымақтастықтың өсуін және KIOGE көрмесінің маңызды іскерлік мәмілелер жасау платформасы ретіндегі құндылығын растайды.

Ашылу салтанаты жоғары лауазымды қонақтардың қатысуымен өтті – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, БАӘ энергетика министрі Сухейл әл-Мазруи, «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Qazaqgaz» ҰК Басқарма Төрағасы Санжар Жәркешов, NCOC басқарушы директоры Джанкарло Рую, Қазақстандағы «Shell» концернінің аға Вице-президенті және Төрағасы Әли әл-Жанаби, WPC ENERGY әртүрлілік, инклюзивтілік және жастар мәселелері жөніндегі Вице-президенті Жанболат Сәрсенов, «Атакент» ҚІЫО Директорлар кеңесінің төрағасы Талғат Абдуллаев, Iteca көрме компаниясының директоры Борис Даниленко. VIP-тур аясында олар «ҚазМұнайГаз», NCOC, Shell және басқалары сияқты саланың ірі компанияларының стендтеріне жолықты.

Екі күн бойы көрме алаңында «Инсол Технолоджи», «Тенгизшевройл», «Kazintrust», «HEGGEL GmbH», «Алстрон», «ЛПГруп», «ИТС», «Alimay», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «QazaqGaz НТЦ», «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» және Канада, Альберта Үкіметінің семинарларын қамтитын мазмұнды іскерлік бағдарламасы өтті. Сонымен қатар, Shell компаниясының стендінде KAZENERGY Ассоциациясы мен Shell Kazakhstan-ның бірлесіп ұйымдастырған Student Energy Challenge конкурсының 8-ші сезонының финалы өтті. Конкурс мұнай-газ саласындағы жас таланттар мен әлеуетті стартаптарға назар аударды. Биыл Қазақстанның 12 жоғары оқу орынынан 14 команда энергетика, экология және шығарындыларды азайту технологиялары саласындағы инновациялық шешімдерін ұсынды. Конкурс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Көрме ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуымен ерекшеленді, ол қатысушылар мен келушілермен кездесулер ұйымдастыру және өзара әрекеттесу үшін ыңғайлы құралға айналды. Іс-шара аясында 150-ден астам b2b және b2g форматындағы бизнес кездесулер өткізілді. Өзінің пікірімен Алеся Тимофеева, «Water Oil Gas Group» ЖШС бас директоры бөлісті: «Биыл іс-шараның цифрландырылуы ерекше ұнады — ITECA.EVENTS қосымшасы өте ыңғайлы және кездесулерді жеке кабинет арқылы жоспарлауға мүмкіндік береді. Барлығы автоматтандырылған, бұл ұйымдастыруды айтарлықтай жеңілдетеді».

KIOGE 2024 конференциясы

25 және 26 қыркүйекте көрмемен қатарласып Халықаралық KIOGE 2024 Конференциясы биыл жаңа орында — The Ritz-Carlton Almaty отелінде өтті. KIOGE 2024 Конференциясына Әзірбайжан, Ұлыбритания, Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, БАӘ, Оман, Польша, Түркия, Қытай, Өзбекстан сияқты 11 елден 700-ден астам делегат жиналды. Конференцияның жұмысы «Энергетикалық жобаларды жүзеге асырудағы халықаралық серіктестік» тақырыбындағы Пленарлық отырыспен басталды. Қатысушылар халықаралық ынтымақтастық, тұрақты даму және мұнай-газ жобаларын тиімді жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Негізгі спикерлер арасында Алмасадам Сәтқалиев, Сухейл әл-Мазруи, Асхат Хасенов, Санжар Жәркешов, Әли әл-Жанаби, сондай-ақ Қазақстандағы Eni басшысы Сегер Хойтинк, стратегия жөніндегі кеңесші, Harvard Business Review Консультативтік кеңесінің мүшесі Венера Н. Андерсон болды.

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйлеген сөзінде республика 2030 жылға қарай жылына 100 миллион тонна мұнай көрсеткішіне қол жеткізуге ұмтыла отырып, мұнай мен газ өндіру көлемін ұлғайтуды жалғастырып жатқанын атап өтті. Бұл ретте үкімет экологиялық таза технологияларды дамытуға және көміртегі ізін азайтуға бәс тігуде.

Конференцияда ACF PIT ұйымдастырған Industry 4.0 Startup Battle өнеркәсіпті цифрландыру саласындағы стартаптар байқауының финалы ерекше назар аударды. Жеңімпаздар ақшалай сыйақы, сондай-ақ ірі мұнай-газ компанияларымен ынтымақтастық мүмкіндігіне ие болды. Конференцияның іскерлік бағдарламасының контентіне сондай-ақ мұнай-газ жобаларының тұрақты дамуына, энергетикалық трансформация жағдайындағы Қазақстанның стратегияларына, жергілікті қамтуды дамытуға, саланың негізгі жобаларына, мұнай өңдеуге, газ өңдеудегі халықаралық әріптестікке, инвестицияларға, IT және жасанды интеллектке, сондай-ақ мұнай-газ химиясына арналған сессиялар кірді. Әсіресе GR, PR және HR мамандары үшін мұнай-газ саласындағы мамандықтардың рөлі туралы кәсіби meet-up өтті.

26 қыркүйекте KIOGE 2024 конференциясы аясында мұнай-газ саласының жетекші кәсіпорындары өкілдерінің кездесуінде жаңа коммерциялық емес ұйым — «Қазақстанның құбыр өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Бұл елдегі құбыр өнімдерін өндірушілерді одан әрі дамыту және үйлестіру үшін маңызды қадам. InterContinental Almaty қонақ үйінде өткен жиналыс саланың ірі компанияларының негізін қалаушыларды жинады, олардың ішінде: «QazExpoCentre – Pipe» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС, «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС, «Каскор-Машзавод» ЖШС. Кездесудің басты мақсаты құрылтай құжаттарына қол қою және халықаралық аренада инновациялық технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жәрдемдесе отырып, Қазақстанның құбыр өнімдерін өндірушілердің күш-жігерін шоғырландыруда шешуші рөл атқаратын қауымдастықты қалыптастыру болды. Жиналыс барысында қауымдастық қатысушыларының мұнай-газ саласының ірі ойыншыларымен ынтымақтастығының стратегиялық бағыттары мен перспективалары талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасу, өнімді техникалық реттеу және стандарттау мәселелерін бірлесіп шешу үшін платформа құрудың маңыздылығын атап өтті. Қауымдастық мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды нығайтудың маңызды құралына айналады, бұл әсіресе тұрақты дамуға және көміртегі ізін азайтуға қойылатын жаңа талаптар тұрғысынан өзекті.

KIOGE 2024 мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін талқылау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және инновациялық шешімдерді дамыту үшін жетекші платформа ретінде өзінің маңыздылығын тағы да растады.

Көрмелерді Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырды.

Алтын серіктестері – ҚазМұнайГаз, Теңізшевройл, QazaqGaz, Shell, NCOC, Күміс серіктестері – Каспий Құбыр Консорциумы, ACF PIT, Алстрон, ГМС, Еуропалық металлургиялық компания, Уральская сталь, LUKOIL, Қола серіктестері – Honeywell, Каспий мұнай капитал, TKJV LLP, CNPC.

Көрме мен конференция Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ, «PSA» ЖШС, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы, Мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңес - PETROCOUNCIL, Мұнайшы-Геологтардың Қазақстандық Қоғамы (КОНГ), Petromining, Energy Monitor, IMB Center қолдауымен өтті.