30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

KIOGE-2024: «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІНІҢ СЕНСАЦИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

БҮГІН, 25 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 29-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» — KIOGE 2024 КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ. БҰЛ ЕКІ ЖЫЛ САЙЫН БІР АЛАҢҒА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТЕТІН МИНИСТРЛІКТЕР МЕН САЛАЛЫҚ ОДАҚТАРДЫ, ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІН, ЖЕТЕКШІ САРАПШЫЛАР МЕН САЛА МАМАНДАРЫН ЖИНАЙТЫН МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ІС ШАРА. 

KIOGE көрмесі дәстүр бойынша бірден «Атакент» ҚІЫО-ның үш павильонында орналасты, ал әлемнің 20 елінен 340 компания экспоненттер болды. Германия, Қытай, Ресейден компаниялар ұлттық стендтермен өздерін таныстырды, алғаш рет өз өнімдері мен қызметтерін қатысушылардың жалпы құрамның 40%-ы көрсетті, бұл аймаққа және оның әлеуетіне қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Стендтерде мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарға арналған жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық әзірлемелер ұсынылды.

kioge 1stday 16

Салтанатты рәсімге және көрме бойынша кейінгі таныстыру турына қатысқандар – ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи, «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Qazaqgaz» ҰК Басқарма Төрағасы Санжар Жәркешов, NCOC басқарушы директоры Джанкарло Рую, Қазақстандағы Shell концернінің төрағасы Али әл-Жанаби, WPC ENERGY әртүрлілік, инклюзивтілік және жастар мәселелері жөніндегі Вице-президенті Сәрсенов Жамболат, «Атакент» ҚІЫО Директорлар кеңесінің төрағасы Талғат Абдуллаев, Iteca көрме компаниясының директоры Борис Даниленко. VIP-тур барысында құрметті қонақтар «ҚазМұнайГаз», «Теңізшевройл», NCOC, «QazaqGaz», Socar, SHELL, HMS, «Транснефть», AKF PIT, «Қазмұнайхим», «Татнефть», Лукойл, CNPC және басқа да компаниялардың стендтеріне жолықты.   

kioge 1stday 09

Әзірбайжан, Ұлыбритания, Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, БАӘ, Оман, Польша, Түркия, Қытай, Өзбекстан сияқты 11 елден 700-ден астам делегат KIOGE-2024 конференциясына қатысты. Биылғы жылы Конференция – Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде өтті. Конференция өз жұмысын «Энергетикалық жобаларды іске асырудағы халықаралық әріптестік» тақырыбындағы Пленарлық отырыстан бастады. Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер – Алмасадам Сәтқалиев, Сухейл әл-Мазруи, Асхат Хасенов, Санжар Жәркешов, Әли әл-Жанаби, сондай-ақ Қазақстандағы Eni басшысы Сегер Хойтинк, стратегия жөніндегі кеңесші, Harvard Business Review консультативтік кеңесінің мүшесі Венера Н. Андерсон болды. Қатысушылар тұрақты даму тұжырымдамасы аясында Мұнай және газ жобаларын іске асыруды, мұнай-газдағы инвестициялық жобалардың тәуекелдерін азайтуды, таяу болашақта Қазақстанның оңтайлы даму стратегияларын және жергілікті қамту позицияларын нығайтуды талқылады.

Энергетика министрі А. Сәтқалиев өзінің құттықтау сөзінде энергетика секторы жергілікті, өңірлік және жаһандық деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болып табылатынын атап өтті. «Республика әлемдегі мұнай мен газды ірі өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі болып табылады. 2023 жылы Қазақстанда мұнай өндіру 90 млн тоннаны (655 млн баррель) құрады, ал өткен жылы мұнай экспорты 70,5 млн тоннаны (517 млн баррель) құрады. Қазіргі мақсатымыз – 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына 100 миллион тоннаға дейін (шамамен 730 миллион баррель) арттыру. Табиғи газ өндіруге келетін болсақ, 2023 жылы бұл көрсеткіш 59,1 млрд м3-ке жетті, ал 2030 жылға қарай 90,7 млрд м3-ке жету жоспарлануда. Қазақстан үкіметі 2060 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне жету мақсатын қойды. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу ең үздік қолжетімді әдістерді қоса алғанда, шығарындылары төмен озық технологияларды әзірлеу және «жасыл» қаржыландыруды жұмылдыру арқылы ғана мүмкін болады», - деді ҚР Энергетика министрі.

Конференция кестесіндегі маңызды іс-шара Industry 4.0 Startup Battle KIOGE финалы болды. ACF PIT ұйымдастырған өнеркәсіпті цифрландыру саласындағы стартаптар байқауы аяқталып, жеңімпаздар ақшалай гранттар алды және ең бастысы — жетекші мұнай-газ компанияларымен ынтымақтастық мүмкіндігі. Сондай-ақ, конференцияның бірінші күнінің бағдарламасына Қазақстандағы геологиялық барлау және жаңа кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық сессия, «Мұнай-газ индустриясының жергілікті қамтуын нығайту» Панельдік пікірталасы, Chevron Direct Investment Fund Ltd компаниясының презентациясы кірді. KIOGE – бұл нетворкинг, жоба аясында 150 b2b және b2g кездесулері жоспарланды.

kioge 1stday 19

Сонымен қатар, семинар аймағында қатысушы компаниялардың семинарлары белсенді өтті, Инсол Технологолоджи, Теңізшевройл, Kazintrust, HEGGEL GmbH, Алстрон компанияларының өкілдері өз тәжірибелерімен және практикалық білімдерімен бөлісті. «Student Energy Challenge» байқауының 8-ші сезонының финалы барысында жас таланттарға және мұнай-газ саласындағы болашақ стартаптарға белсенді көңіл бөлінді. Байқауды 2017 жылдан бастап KAZENERGY Қауымдастығы SHELL Kazakhstan компаниясымен бірлесіп өткізеді. Қазақстанның 12 жоғары оқу орнынан 14 команда энергетика, экология және технологиялар саласындағы шығарындыларды азайту жөніндегі инновациялық шешімдерді таныстырды және ертең жеңімпаздар белгілі болады.

Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымшаны қолдана отырып, сіз әлеуетті клиенттермен кездесулер ұйымдастыра аласыз, көрмеге қатысушылардың тізімін және ұсынылған өнімдерді/қызметтерді көре аласыз, ең өзекті ақпаратқа қол жеткізе аласыз (жол сілтеме, іскери бағдарлама), өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша байланыс базасын жинай аласыз, толтырылған мәліметтер негізінде жасанды интеллект жасаған жеке ұсыныстарды көре аласыз. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.

KIOGE ұйымдастырушысы - Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

                Конференция сессияларының кестесін, көрмеге қатысушылардың тізімін www.kioge.kz іс-шара сайтында табуға болады.