29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

Теңгіздегі жобалардан кейін Атырау облысының тұрғындарын жұмысқа орналастыру туралы

750x375

 CaspianLife, 27 маусым. «Теңгізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жобасында құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты Теңіз кен орнында Қазақстанның 18 мыңнан астам азаматы босатылды.
Оның 38% - Атырау облысының тұрғындары. Қазіргі уақытта оларды басқа компанияларға жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі (ӨКҚ).
Осы жылдың бес айында әлеуметтік қолдау шараларымен босатылған екі мыңнан астам қызметкердің 80%-ы қамтылды.

– Оның ішінде 399 адам - тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 35 адам - «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға, 29 адам - ақылы қоғамдық жұмыстарға, алты адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, үшеуі - жастар практикасына жіберілді. Бүгінгі таңда 29 адам жеке кәсіпкерлер болып саналады, мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.
Қашаған кен орнында «Газ өңдеу зауытының құрылысы» жобасы бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын «Kazakh Construction» ЖШС-да 1 390 адам жұмысқа орналастырылды, олардың жартысынан көбі - Атырау облысының тұрғындары. Азамат Мәмбетовтің айтуынша, азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру шаралары жұмыс берушілерден келіп түскен өтінімдерге сәйкес жүзеге асырылуда.

Дереккөз: www.caspianlife.kz