29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

«Бёмер Арматура Казахстан» ЖШС - шарлы крандарының отандық өндірушісі

Bohmer

Қазақстандық «Бёмер Арматура» зауыты Қарағанды қаласының «Сарыарқа» АЭА-да ҮИИДМБ шеңберінде салынған шарлы крандарының отандық өндірушісі болып табылады.
«Бёмер Арматура» ЖШС мұнай-газ, жылумен жабдықтау және өнеркәсіптің басқа да салалары үшін шарлы крандарын шығарады. Зауыт диаметрі 25 – тен 1400 мм - ге дейін (1" - ден 56" - ға дейін), номиналды қысымы 250 барға дейін (ANSI Class 1500) және жұмыс ортасының температурасы -40 С° - тан +200 С° - қа дейін шарлы крандарын шығарады. Зауыттың қуаты-жылына 10 000 бірліктен астам шарлы крандары. Крандар Тапсырыс берушінің қалауы бойынша жетектердің кез келген түрімен жабдықталады. Зауыт посткеңестік кеңістікте іс жүзінде теңдесі жоқ ең жаңа еуропалық жабдықтармен жабдықталған.

«Бёмер Арматура» ЖШС өндірген шарлы крандары барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді, МЕМСТ, API - және ANSI нормаларына сәйкес дайындалады. Зауытта Еуразиялық одақ елдерінде жұмыс істеу үшін барлық қажетті сертификаттар, сондай-ақ СТ-КZ шығу тегі сертификаттары, Индустриялық сертификат бар.

Bohmer2

Bohmer3

Bohmer4

Bohmer5

Bohmer6