29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

ТШО жаңа мамандық алуға және жұмыс табуға қалай көмектесуде?

9857626671839534b

Пандемия кезінде жұмыссыздар қатарын толықтырғандардың бірі-27 жастағы Еркебұлан БЕКБОЛАТ. Иә, ол қысқартудан немесе кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайының қиындығынан жұмыссыз қалған жоқ. Өзі қатысқан жоба аяқталды да, жаңа жұмыс іздеуіне тура келді. Содан Еркебұлан Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінеді.

49f954b1 a09d 40b1 bc72 759c38519a54

Орталық табалдырығын аттамай тұрып-ақ, ол болашағы зор шешімді көрді: кіре берісте APEC PetroTechnic жоғары колледжінде ТШО-ның кәсіптік-техникалық мамандықтарға оқытатын тегін курстарына қабылдау туралы хабарландыру ілініп тұр... Қабылдау тестін ойдағыдай тапсырған Еркебұлан курсқа қабылданды. Төртайлық оқуды аяқтағаннан кейін түйіндемесін мекемелерге таратып, өз мамандығы бойынша Теңіздегі Үшінші буын зауытының құрылыс алаңына жұмысқа қабылданады.

738262667183a9106

– Мамандығым бойынша электрик-техникпін. Атырау политехникалық колледжін бітіргенмін. Бірақ, осы күнге дейінгі жұмыс өтілімнің көп бөлігі қағаз жұмыстарымен байланысты болды. Жабдықтарды қолдануды ұмытып та қалдым. Ал колледж курстарында практикалық жаттығуларға ерекше көңіл бөлінеді. Маған керегі де осы еді. Былайша айтқанда, ақыры мамандығымды «ұстап көріп», сырын түсіне бастадым. Жалпы, көптен бері қолдап жұмыс істегім келіп жүрген. «Іздегенге-сұраған» демекші, мүмкіндіктен айырылғым келмеді– дейді Еркебұлан.

Оқу бағдарламасы шеңберінде қатысушылар тұрғын жаймен қамтылады, және оларға барлық жағдай жасалады. Курстардың ұзақтығы 2 айдан 4 айға дейін, оқыту 11 мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда бұл курстардан 1200 адам өтіп, оның 751-і жұмысқа орналасты.

Бағдарламаны «Теңізшевройл» ЖШС 2019 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ құрылысы аяқталғаннан кейін босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды жеңілдету мақсатында жүзеге асырып келеді. Бағдарламаға Атырау және Маңғыстау облыстарының жұмыссыз тұрғындары, сондай-ақ нақты білімі жоқ және мамандығын ауыстырғысы келетін немесе жаңа мамандық игергісі келетіндердің барлығы қатыса алады.

Бағдарлама ТШО мен Атырау облысы әкімдігі арасындағы келісім бойынша жүзеге асуда.

Оқыту екі жерде – Нұрсая шағын ауданындағы «APEC PetroTechnic» жоғары колледжінде және Ақтау оқу орталығында (Атырауда, «Промзона» ауданында филиалы бар) жүргізіледі.

...Еркебұланның «Электрик- техник» мамандығын таңдауына кезінде Теңіздегі екінші буын зауыты алаңында жұмыс істеген, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы әкесі ықпал етеді. Еркебұлан қазір отбасының «екінші буыны» үшінші буын зауытында еңбек етуде деп әзілдейді.
– Еркебұлан, курсты бітірген соң қайтадан басқа мамандық бойынша оқуға бола ма?
– Иә, сертификат аларда біздің топтағы қатысушылардың бірі осы сұрақты қойды. Жаттықтырушылар бұл мүмкін екендігін, бірақ қайтадан қабылдау тестін тапсыру қажеттігін айтты. Және де бұл бос орынның болуына да байланысты, өйткені оқуға ниет білдірушілер саны өте көп.
– Оқу күткендегіңіздей болды ма?
- Тіптен асып түсті. Мұнда бәрі соншалықты тиімді ұйымдастырылады деп ойламаппын. Әрине, теорияға да мән беріледі,әйтсе де, ең бастысы-практика.Бәрін көрсетіп, түсіндіреді, бірақ ең бастысы, өзің таңдаған мамандықтың қыр-сырын өз қолыңмен ұстап ұғына бастайсың.Маған ұнағаны да осы!. Не керек, мен үшін үш айлық оқу зая кетпеді,өте жемісті болды. Оның үстіне бұл үш ай Теңіздегі бір жылдық тәжірибемен пара-пар деп айта аламын.
- Тамаша. Сіз енді жұмыссыз қалудан қорықпайтын шығарсыз. Қаласаңыз, басқа мамандықты меңгеріп аласыз...
– Бұл өмірде кез келген жағдайға бейімделе білу керек деп ойлаймын. Қажет болған жағдайда, жаңа дағдыларға үйреніп, басқа жұмысқа орналасуға дайын болу керек. Бірақ әзірше бәрі жақсы. Міне, бүгін 28 күндік вахтадан келдім. 28 күннен кейін – қайтадан Теңіз. Жұмысым өзіме ұнайды
– Орталыққа адамдар негізінен жалақысы жоғары мамандық алу үшін келе ме?
– Иә, осы мақсатпен келетіндер де жетіп артылады. Арасында бір мамандықтан жалығып, жаңа мамандықты меңгергісі келетін, өміріне бір өзгеріс енгізгісі келетіндер де кездеседі. ,-дейді Еркебұлан.Айтпақшы, осы мақала авторының інісі Теңіз кенішіне жұмысқа дәл осылай орналасты. Бұрын еңбек еткен кәсіпорнында жұмыс көлемі аяқталып, қызметкерлер мерзімсіз демалысқа жіберілді, кейіннен қысқартуға тап болды. Інiм әлеуметтiк желiлерден қайта даярлау курстарына тiркеу туралы хабарландыруды көріп қалады.Талаптардың бірі-жұмыспен қамту орталығына тіркелу болды. Ол барлық құжаттарды жинап, «APECPetroTechnic» колледжінің курстарына қабылдау сынағынан өтті. Электрмонтаждаушы мамандығы бойынша оқыды. Курсты аяқтаған соң түйіндемесін мекемелерге таратып, тез арада Теңіз кенішіне жаңа жұмысқа орналасты, бұған өзі де разы.

 … Ал, биылдан бастап ТШО осы курстардың түлектеріне арнап бос орындар жәрмеңкелерін өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, компания мамандық алуға және қайта даярлауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар курс түлектерінің одан әрі жұмысқа орналасуына ықпал етеді.