29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

Қарағандыда мұнай саласында қалай ақша табуға болады?

322 f min

Мұнай саласында тек мұнайлы аймақтар ғана ақша табады деген наным бар. Алайда, ол олай емес. Егер қалауыңыз бен қабілетіңіз болса, Қарағанды облысында тұратын болсаңыз да ақша таба аласыз. Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС-i сияқты мұнай алыбы біздің кәсіпорындардан жалпы құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдарын, консультациялық қызметтерді, талшықты-оптикалық кабельдерді сатып алады.

- 2011 жылы біз ескі ГТЖ (газ тасымалдау жүйесін)-ны бөлшектеу бойынша жұмыс көлемін жүзеге асырдық. Содан бері ТШО-мен ынтымақтастығымыз тек нығая түсуде», - дейді «Energy System Services» ЖШС басшысы Алексей Ускаленко.

-Сонымен қатар, біз тек сапа жағынан ғана емес, еңбекті ұйымдастырудың және қауіпсіздік ережелерінің халықаралық деңгейде ұсынылатын ең жоғары стандарттарына сай болуымыз керек. Мен ешқашан Теңізшевройл компаниясындағыдай жоғары стандарттарды кездестірген емеспін. Біз ТШО-мен түзетілген тозу ізінің диаметрін өлшеу жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан кезде біздің жұмысымыз дрон арқылы жоғарыдан бақыланып отырды. Бізге берілген аймақтың сыртына шығуға болмайтын болды. Бұл біздің аймақтағы экологияға байланыста қойылған ТШО талаптары болатын. Оларды орындау үшін біз экологтар мен орнитологтарды жұмысқа тарттық. Орнитологтар желі құрылысында құстардың ұясы бар-жоғын анықтау үшін қажет болды! Тіпті киімге де арнайы талаптар қойылады.Бұған қоса, біз Қазақстан заңдарының орындалуын сақтаймыз, әрі ТШО-ның да өзіндік ережелері бар. Сондықтан да, біз 100 пайызға ғана емес, 150 пайызға сәйкес келуіміз керек. Әрине, бұл оңай емес, бірақ біз серіктестік қатынастарды әрі қарай дамытқымыз келеді, өйткені бұл біздің өндірістік мәдениетімізді арттырады және халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге үйретеді. Тиісінше, біз жоғары деңгейлі мамандар даярлаймыз».

ТШО-мен бірге қызмет істейтін тағы бір қарағандылық компания – «ЭЛТО Энергия жүйесі». Бұл Қазақстанның энергетикалық нарығында электротехникалық өнімдерді шығаратын ірі отандық өндірушілердің бірі.Бүгінгі күні зауыт дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты, технологиялық жабдықтардың 70%-дан астамы заманауи, бағдарламалалық басқаруы бар жабдықтармен ауыстырылды, бұл прогрессивті технологияларды қолдануға және өнімнің жаңа екі жүзден астам түрлерін өндіруді игеруге мүмкіндік берді.

- Компания 2014 жылы құрылды, - дейді «ЭЛТО Энергия жүйесі» ЖШС директоры Александр Арионов. - Біз техникалық өнімдерді, соның ішінде жарықтандыру тіректері мен діңгектерін өндірумен айналысамыз. Сондай-ақ, біз әртүрлі мақсаттағы жарықдиодты шамдарды және электр құрастыру өнімдерін шығарамыз.

2017 жылдан бері біз Теңізшевройл компаниясымен жұмыс істеп келеміз. ТШО-дан жақсы тәжірибе жинадық, бұл бізге басқа да ұқсас компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл алға жасалған қадам, өйткені біз ТШО талаптары деңгейіне көтерілдік.Шынында да, Қазақстанның кез-келген зауыты оларға сәйкес келе алмайды. Сондықтан біз осындай серіктестікті, осындай ірі ұлтаралық компанияның Қазақстанда шығарылатын өнімді қолданатынын мақтан тұтамыз.

ТШО-ның қамтушысы болу оңай емес, бірақ абыройлы іс. Бұл ең жоғары стандарттарға сәйкес келетін компаниялар тізіміне енгеніңізді білдіреді. ТШО жергілікті қамтушыларды ұдайы іздеп қана қоймайды, олардың дамуына көмектеседі. Егер сіз ТШО-мен серіктес болсаңыз, бұл ұзақ мерзімді және тұрақты тапсырыстар болады деген сөз. Бірақ одан да маңыздысы, ТШО Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірге әлеуетті қамтушыларға сапалы менеджмент жүйесі, сапа сертификаттары, қаржылық және басқарушылық ақпараттық жүйелер сияқты консультациялық бағдарламаларды жүзеге асырады.

Тиімділік қазірдің өзінде көрінуде. 2019 жылы көмек көрсетілген компаниялардың 73%-ы тауар айналымын 66%-ға арттырды, ал қызметкерлер саны 32%-ға өсті. Жыл сайынғы айналымның жинақталған өсімі - 35%, жұмыс орындарының өсуі - 20%, еңбек өнімділігі 13%-ға өсті.

ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығындары және облыстар бойынша әсері

IHS Markit -халықаралық зерттеу агенттігі жақында қай облыс мұнай-газ саласынан пайда көріп отырғандығын анықтау үшін зерттеу жүргізді. ТШО қызметі негізінен Атырау облысында шоғырланғанына қарамастан, компанияның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындары Қазақстанның қалған облыстарын да қамтиды. Мәселен, Қарағанды облысы 4 миллион АҚШ долларына тапсырыс алады, және облыста 600-ден астам жұмыс ашылды.

Сурет: Облыстар бойынша ТШО-ның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындарынан экономикаға түскен кірісі (млн АҚШ доллар және жұмыс орындарының саны).

«Жоғарыдағы суретте ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығындарының сату белсенділігімен, ЖІӨ-ге қосқан үлесімен және жұмыс орындарымен өлшенетін әр түрлі облыстарға/аймақтарға әсері көрсетілген. Жалпы ынталандырылған сатылым көлемі - бұл ТШО-ның жергілікті нарықтағы тікелей шығындары мен кез келген кейінгі жанама және туындаған қызмет түрлері. Белгілі бір облыс үшін ынталандырылған белсенділіктің жалпы көлемі ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығындарынан шамамен екі есе көп. Кеңейтілген жеткізу тізбегі бірнеше облыстың шекараларымен қиылысатын болғандықтан, ТШО-ның бір облыстан тікелей сатып алуы жеткізу тізбегі арқылы әрі қарай басқа облыстың белсенді болуына түрткі болуы мүмкін. Мысалға, Атырауда құрылыс қызметтерін сатып алу, сайып келгенде, Маңғыстауда өндірістік сектордағы сауда қызметінің белсенділігін оятуы мүмкін», - дейді IHS Markit зерттеуі.

Ақпарат көзі