«Мұнай және Газ» Қазақстандық Халықаралық көрме және конференциясы
28-30 Қыркүйек 2022
Алматы, Қазақстан
«Мұнай және Газ» Қазақстандық Халықаралық көрме және конференциясы
28-30 Қыркүйек 2022
Алматы, Қазақстан

РЕСМИ СӘЛЕМДЕСУ 2022

Б. Ақшолақов, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

28-ші Қазақстандық Халықаралық Мұнай-газ көрмесі мен KIOGE 2022 конференциясына қош келдіңіздер!

KIOGE Қазақстанның мұнай-газ индустриясындағы негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен өтеді.

Бүгінде мұнай-газ секторына қатысушылардың назары климаттық және экологиялық күн тәртібіне, өндірісті цифрландыру және «ақылды» технологиялар, тасымалдау мен логистика бойынша жаңа шешімдер сияқты жаһандық сын-қатерлерге бағытталған. Осы трендтердің барлығы мұнай-газ және энергетикалық компанияларды одан әрі дамытуға жаңа тәсілдердің аса қажеттілігін талап етеді.

Қазақстан мұнай мен газды әлемдік нарықтарға ірі өндіруші және экспорттаушы болып табылады. Сонымен қатар әлемдік энергетикалық қоғамдастықтың бір бөлігі бола тұра, біз барлық жаһандық трендтерді: «жасыл энергетиканы» дамыту, төмен көміртекті даму, энергетикалық ауысу және декарбонизацияны ұстанамыз.

Биыл KIOGE жаңа технологияларды дамыту үшін қажетті серпін беріп, энергетика саласының өзекті тақырыптары бойынша диалог алаңына айналатынына сенімдімін.

KIOGE 2022-ның барлық қатысушылары мен қонақтарына қызықты пікірталастар мен жемісті кездесулер тілеймін.