«Мұнай және Газ» Қазақстандық Халықаралық көрмесі
Жаңа өткізу күндері мен мекен жайы
5-7 Қазан 2021
Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Ресми сәлемдесу 2021

kazenergy

Құретті көрмеге қатысушылар!

KIOGE 2021 27-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын қарсы алуға қуаныштымын! Ширек ғасырдан астам уақыт бойы осындай ауқымдағы іс-шара Қазақстанда өтіп жатқанын және әлемдік мұнай-газ қоғамдастығының көптеген өкілдерін біріктіретінін атап өткен жөн.

Өткен жылдың соңғы оқиғалары мен қазіргі жағдай бүкіл әлем үшін нағыз сынақ болды. Көп жылдық тәжірибені қолдана отырып, біз саланың дамуын сақтап қалдық. KIOGE көрмесі сияқты іс-шараларды өткізу бүгінгі күні аса өзекті, өйткені мұнай-газ компаниялары қызметінің қарқынын арттыру құралы болып табылады.

Биылғы жылы KAZENERGY форумы мен KIOGE көрмесінің ұйымдастырушылары өз күштерін біріктіргенін атап өту маңызды. Екі оқиға да Нұр-Сұлтанда бір күнде өтеді, бұл осы іс-шаралардың өзектілігін одан әрі нығайтып, сала мамандарының барынша көп  санын қамтуға мүмкіндік береді.

Мұнай-газ саласы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі негізгі салалардың бірі болды және болып қала береді. Көптеген мелекеттік бағдарламалардың іске асырылуы оның даму жетістіктеріне байланысты.

Осыған байланысты, біз үшін қатысушылар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдарды әзірлеуге барлық қатысушылардың белсенді қатысуы өте маңызды.

Осы жылы KIOGE жаңа мүмкіндіктер ашатынына, өзекті сұрақтарға жауап беретініне, сондай-ақ компаниялар үшін де, жалпы бүкіл сала үшін де дамуға жаңа серпін беретініне сенімдімін.

KIOGE 2021 барлық қатысушылары мен қонақтарына қызықты пікірталастар, жемісті кездесулер, мықты денсаулық және амандық тілеймін!

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі                                                          

Ноғаев Н.А.


Құрметті іс-шара қатысушылар және қонақтар!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы атынан «KIOGE 2021» Қазақстандық халықаралық мұнай-газ көрмесінің қатысушыларын, қонақтарын және серіктестерін шараның басталуымен құттықтаймын.

KIOGE көрмесі маңызды салалық оқиғалардың бірі, әрі мұнай-газ саласының жетекші отандық және шетелдік сарапшыларының кездесу орны болып табылады. Дәл осындай бизнес-алаңдардың арқасында біз халықаралық серіктестік қарым-қатынастарымызды нығайту және тереңдету жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз.

Бүгінде бүкіл әлем жаһандық өзгерістердің алдында тұр. Әлемдік дағдарыс мұнай-газ саласының көптеген көшбасшыларын өз стратегиясын ғана емес, жалпы бизнес-моделін де қайта қарауға мәжбүр етті. Дамудың жаңа шарттары және соңғы жылдары күн тәртібінде жүрген өзекті климат мәселесі ерекше талқылауды  талап етеді. Осы және басқа да көптеген мәселелер KIOGE 2021 алаңында өз шешімін табатынына сенімдімін.

KIOGE барлық қатысушылары мен қонақтарына көрмеде жемісті жұмыс, пайдалы кездесулер және жаңа перспективалық жобалар тілеймін!

Құрметпен,

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК

Басқарма Төрағасы                                      

А. Айдарбаев


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ атынан 27-ші Қазақстандық халықаралық – KIOGE 2021 көрмесінің қатысушыларын шараның басталуымен құттықтаймын.

KIOGE көрмесі көп жылдар бойы Қазақстанның мұнай-газ саласының өзекті тақырыптарын кеңінен жария ету және талқылау үшін маңызды алаң болып табылады, мұнда жетекші салалық компаниялардың мұнай-газ өндіруші кәсіпорындары үшін басты трендтер, жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық әзірлемелер көрсетіледі. 

Биылғы жылы KIOGE көрмесі алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік энергетика апталығы мен KAZENERGY XIV Еуразиялық форумының өткізілу күндерінде өтуде. Бұл іс-шаралар халықаралық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін байқатып, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік энергетиканы дамытудың жаңа тетіктерін әзірлеуде ұлттық алаңның беделі және танымдылығын  көрсетеді.

Іс-шараларды өткізудің таңдап алынған форматы бізге өзекті мәселелердің барлық спектрін талқылауға, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және алдағы Дүниежүзілік энергетика апталығы іс-шараларына және Көрмеге қатысушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қатысушылар мен қонақтарға жаңа идеялар, одан әрі даму, өркендеу және ауқымды жобалар тілеймін. Нұр-Сұлтан қаласында кездескенше!

KAZENERGY Қауымдастығының

Бас директоры                                                                  

Ибрашев К.Н.


KazServices

Құрметті әріптестер!

KazService Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының атынан әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзақ үзілістен кейінгі KIOGE-2021 «Мұнай және Газ» Қазақстандық халықаралық көрмесінің барлық қонақтары мен қатысушыларын қарсы алуға қуаныштымын!

Оқшаулану, локдаун және қашықтан жұмыс істеу іс жүзінде бүкіл бизнесті онлайн-форматқа көшіруге, кейбір процестерді оңтайландыруға және цифрландыру қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді. Алайда, осының бәрімен қатар, бизнес-қауымдастық вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың бар маңыздылығын түсінді. Нарық шынымен бетпе-бет кездесулер мен офлайн келіссөздерді сағынды.

Биылғы жылы мұнай-газ саласының барлық негізгі ойыншылары үшін бірегей алаң ретіндегі KIOGE маңыздылығы айтарлықтай өсті. KIOGE мұнай-газ саласындағы ең ірі оқиға болып табылады және оператор компаниялардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтердің ірі жеткізушілерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

KazService дәстүрлі түрде аталмыш іс-шараны барынша қолдайды және нарық қатысушыларын барлық сақтық шараларын сақтай отырып, белсенді қатысуға шақырады.

Ынтымақтастықты кеңейту, жаңа жеткізушілер мен тапсырыс берушілерді іздеу тікелей бетпе-бет келіссөздерге қайта оралуға байланысты екеніне сенімдіміз. KIOGE барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына жемісті жұмыс, іс-шараның табысты өткізілуін және алдағы іс-шарада күтілетін нәтижелерге қол жеткізуін тілейміз.

KIOGE 2021 кездескенше!

KazService Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы

Төралқасының Төрағасы

Жақсылықов Р.Х.


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы атынан Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «KAZENERGY» форумымен бірлесіп өтетін «KIOGE» халықаралық көрмесіне қош келдіңіздер!

«KIOGE» көрмесі - бұл көптеген кәсіпорындардың мұнай-газ саласындағы өз жетістіктері мен тың жаңалықтарын көрсету мүмкіндіктерін іске асыруға арналған бірегей платформа және де осы салада жұмыс істейтін басқа компаниялардың пайдалануына көмектеседі. Өзара тиімді серіктестік қарым-қатынас орнату үшін жетекші отандық және шетелдік мамандарға кездесуге және қарқынды тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік. Еліміздің мамандары үшін өз білімдерін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру, озық инновациялық жетістіктерді енгізу жолында, озық отандық және халықаралық компаниялармен ынтымақтастықтың  кең мүмкіндіктері  ашылуда.

Мұнай-газ саласы Республиканың халықаралық және өңірлік жағдайының тұрақтылығын нығайту процесіндегі жетекші салалардың бірі болып табылады және Қазақстанның саяси-экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады.

Пандемия әлемдік экономикаға, оның ішінде мұнай-газ саласына да теріс әсер еткенін атап өткен жөн. Бірақ қазір көмірсутектерге сұраныстың біртіндеп қалпына келуі байқалады. Осы саладағы мәселелерді шешуге деген сауатты көзқарас ел ресурстарын ұлғайтуға және оларды Қазақстан халқының игілігі үшін ұқыпты пайдалануға ықпал етеді.

Барлық қатысушыларға қызықты, жемісті жұмыс, сындарлы диалог және жоғары нәтижелерге қол жеткізуді және Қазақстан халқының игілігі үшін геологиялық және мұнай өндіру міндеттерін шешу ісінде сапалы сервистік қызмет көрсетуді тілеймін!

Балтабек Куандыков

Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамының Президенті

Геология-минералогия ғылымдарының докторы


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ атынан және жеке өз атымнан «EXPO» бірегей халықаралық көрме орталығында алғаш рет өтіп жатқан мұнай және газ индустриясының KIOGE-2021 ірі салалық көрмесінің қатысушылары және қонақтарымен қауышып отырғаныма  қуаныштымын.

Қазақстандық халықаралық «Мұнай және газ» көрмесі мен конференциясы – мұнай-газ индустриясындағы жыл сайынғы оқиға. Бүкіл әлемдік қоғамдастықта мұнай-газ саласын дамытудың аса маңызды мәселелерін талқылауға арналған ірі алаң.

Өз тарихында KIOGE көрмесі Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің визит карточкасына айналды, мұны жыл сайын шараға келетін шамамен 300 қатысушы-компания және әлемнің 20-дан астам елінен 4 000-нан астам бейіндік келушілердің көрмеге келу көрсеткіштері айғақтайды.

Ауданы 23 мың м2 асатын «EXPO» халықаралық көрме орталығы мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар үшін ең жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық әзірлемелерді толық көлемде ұсынуға мүмкіндік береді, ал қазіргі заманғы конференц-залдар мен келіссөздерге арналған бөлмелер іскерлік байланыстарды орнату және нығайту үшін негізгі алаң болады.

Осындай ірі халықаралық іс-шараны ЭКСПО алаңында өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналып, және мықты ынтымақтастықтың бастауы болады деп үміттенеміз.

Көрме қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, табыс және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін.


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілдігі атынан «Мұнай және газ» - KIOGE 2021 халықаралық көрмесінің қатысушыларын, қонақтарын және ұйымдастырушыларын  көріп отырғаныма  қуаныштымын!

Біздің елдеріміз лайықты түрде мұнай-газ саласының көшбасшылары қатарына жатады және оған пайдалы қазбалардың табиғи қорлары ғана емес, осы бағыт бойынша табысты дамуға мүмкіндік беретін техникалық және кәсіби құзыреттер себеп болуда.

Өз тарихында KIOGE көрмесі Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіндегі бетке ұстар белгілерінің біріне айналды. Іс-шара жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, саланы дамыту мәселелері мен өзекті тақырыптарды талқылауға, «ақылды» технологияларды енгізуге, мұнай өндіру процестерін цифрландыруға үлкен перспективалар ашады. Мұның бәрі елдеріміздің әлеуетін барынша орынды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Биылғы жылы көрмемен қатар 4-8 қазан аралығында ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі энергетикалық жүйелер мәселелерін қарастыратын Дүниежүзілік энергетика апталығы және KAZENERGY Еуразиялық форумы өтеді. Осы маңызды іс-шараларды біріктіру қатысушыларға мұнай-газ және энергетика салаларындағы мәселелердің барлық спектрін табысты қамтуға мүмкіндік береді.

Ресейлік компаниялар жыл сайын мұнай-газ кешені саласындағы жаңа технологиялар мен жетістіктерді көрсете отырып, осы көрменің дәстүрлі қатысушылары болып табылады. Биыл 30-дан астам компания өз қатысуын растады. Аталған іс-шараның жоғары тиімділігінің арқасында олардың саны тек арта түсетініне сенімдімін.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына ақпараттық, әрі танымды кездесулер, өнімді қарым-қатынас және табысты жұмыс тілеймін!

Қазақстан Республикасындағы

Ресей Федерациясының

Сауда өкілі

А.В. Бабко