Соңғы алты жылда Қазақстанда бұзылмайтын бақылау саласындағы жабдықтарды, қызметтерді және жеткізушілерді жыл сайын жинайтын аналогы жоқ – NDT Kazakhstan «Бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика» профильдік көрмесі өтіп келеді.
2022 жылы NDT Kazakhstan жобасы Алматы қаласы «Атакент» халықаралық көрме орталығы кешенінде 28-30 ҚЫРКҮЙЕК арасындағы ірі KIOGE 2022 «Мұнай және газ» көрмесі аясында өтеді.
NDT Kazakhstan және KIOGE 2022 көрмесімен бірлесуі –жобаларға елеулі синергетикалық әсер беретін, және отын-энергетика кешенінде жұмыс істейтін қосымша көлемдегі мамандарды тартуға мүмкіндік беретін саланың өзекті қажеттілігі.
Өзінің 6 жылдық жұмысында NDT Kazakhstan жобасы өзін:
2019 жылы «NDT Kazakhstan» Қазақстан, Ресей және Канада компанияларының технологияларын, жабдықтарын және қызметтерін ұсынды.
KIOGE дәстүрлі түрде ҚР Энергетика министрлігінің, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігі қауымдастығының, Алматы қаласының әкімдігінің, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағының, Мұнай-газ саласында стратегиялық серіктестіктерді дамыту кеңесінің, Қазақстандық мұнайшылар және геологтар қоғамының ресми қолдауымен өтеді.
2022 жылы KIOGE жобасы аясында Қазақстандық бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика (ҚББТДҚ) қауымдастығымен жемісті ынтымақтастық жоспарлануда.
28-ші KIOGE 2022 «Мұнай және газ» Қазақстандық халықаралық көрмесіне келесі салаларда маманданған компанияларды қатысуға шақырамыз: