30 қыркүйек - 1 қазан
+7 727 258 34 34 | KZ | RU | EN
KIOGE 2026


Құрметті KIOGE 2026 конференциясының қатысушылары!

Ұйымдастыру комитетінің атынан Сіздерді және серіктестеріңізді шын жүректен қарсы аламыз. Компанияңыздың конференцияға қатысуға дайындығы жоспарға сай өтіп жатқанына сенеміз және іс-шара Сіздердің үміттеріңізді ақтайтынына кәміл сенімдіміз.

ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ІС-ШАРАЛАРҒА КІРУ

Бейдж бен барлық материалдарды The Ritz-Carlton Almaty қонақүйіндегі тіркеу орындарынан ала аласыз:
 

  • 29 қыркүйек, сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін (1-қабат, фойе аймағы) - алдын ала тіркелу 
  • 30 қыркүйек, сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін (1-қабат, фойе аймағы) 

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді немесе паспортыңызды алып келуіңіз қажет. Егер басқа адамның бейджін алатын болсаңыз, оны алғаныңызды қолтаңбаңызбен растауыңыз және өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсетуіңіз қажет. 
Тіркеуден өткеннен кейін Сізге бейдж және барлық қажетті материалдар салынған делегат сөмкесі беріледі. Конференцияның барлық іс-шараларына кедергісіз кіру үшін бейджді конференция бойы тағып жүруіңізді сұраймыз.

30 қыркүйекте пленарлық отырысқа жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуына байланысты сағат 11:30-дан кешікпей келуіңізді сұраймыз. Сағат 11:30-дан кейін пленарлық отырыс залына кіру жабылады.

Делегаттарға арналған түскі ас The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінің аумағында тіркеу кезінде берілетін шақыру билеттеріне сәйкес ұйымдастырылады.

  • Делегаттарға арналған түскі ас – Altitude мейрамханасы (28-қабат) 
  • VIP-қонақтарға арналған түскі ас – Vista мейрамханасы (30-қабат) 

КЕШКІ ҚАБЫЛДАУ

KIOGE 2026 конференциясының ашылуына орай қатысушылар үшін екі бөлімнен тұратын кешкі бағдарлама ұйымдастырылады.
Сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Almaty Theatre театрында (әл-Фараби даңғылы, 30) KIOGE көрмесінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық фильмнің көрсетілімі өтеді.
Одан кейін қонақтар 20:30-дан 23:00-ге дейін Château Fantôme мейрамхана кешенінде (Назарбаев даңғылы, 275В) өтетін нетворкинг-қабылдауға шақырылады. Іс-шара бейресми жағдайда кәсіби байланыстар орнатуға, әріптестермен және салалық серіктестермен пікір алмасуға мүмкіндік береді. Делегаттар салтанатты іс-шараға арналған шақыру билеттерін тіркеу кезінде бейджбен және делегат портфелімен бірге алады.

КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның жаңартылған нұсқасы www.kioge.kz сайтындағы «Конференция бағдарламасы» бөлімінде әрдайым қолжетімді. Сонымен қатар конференция күндері бағдарламаның баспа нұсқасын тіркеу орындарынан алуға болады.

СИНХРОНДЫ АУДАРМА

Синхронды аудармаға арналған құлаққаптарды сессия залдарының кіреберісінен жеке куәлігіңізді кепілге қалдыру арқылы ала аласыз.

КОНФЕРЕНЦИЯ – КӨРМЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ШАТТЛ АВТОБУСТАРДЫҢ КЕСТЕСІ

Конференция барысында қатысушылардың ыңғайлылығы үшін Конференция – Көрме бағыты бойынша және кері бағытта жайлы шаттл автобустар қатынайды. Автобустардың қозғалыс кестесімен The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінің ресепшенінен таныса аласыз.

ITECA.EVENTS ҚОСЫМШАСЫ

Iteca Events – конференцияның цифрлық платформасы. Қосымша мынадай мүмкіндіктерді ұсынады:

  • конференция бағдарламасының жаңартылған нұсқасын үнемі қарап отыру;
  • бейдждерді сканерлеу;
  • байланыс деректерін жинау;
  • кездесулерді жоспарлау;
  • жиналған деректерді Excel форматына экспорттау.

Қосымша ақпарат алу үшін Iteca Events сервисінің менеджері, Маржан Әділбаеваға, хабарласуыңызды сұраймыз: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. , +7 747 534 65 05
Қосымшаға кіру үшін логин мен құпиясөз іс-шара басталғанға дейін Сізге жіберіледі.

!NEW! KIOGE-ДЕГІ AI ФОТОҚЫЗМЕТІ

MEDIA.ITECA.EVENTS сервисі конференция барысында түсірілген фотосуреттеріңізді жасанды интеллект технологияларының көмегімен автоматты түрде тауып, WhatsApp пен электрондық пошта арқылы жолдайды.
Қалай жұмыс істейді?

  • Тіркеу сілтемесі арқылы жүйеге тіркеліңіз: https://media.iteca.events/kioge-mvpl/book/ATTENDEE?lng=en
  • Электрондық поштаңызды, WhatsApp нөміріңізді енгізіп, селфи жүктеңіз.
  • Фотографтар суреттерді жүктеген бойда, өз фотосуреттеріңізді автоматты түрде аласыз.

KIOGE қатысушысының жеке постерін жасаңыз:

  • Постер жасау сілтемесі арқылы тіркеліңіз https://media.iteca.events/kioge-mvpl/poster/create/ATTENDEE/ .
  • Көрмеге қатысуыңыз туралы әлеуметтік желілерде жариялауға арналған жеке постеріңізді жасаңыз.

ҚАЛА ІШІНДЕ ҚОЗҒАЛУ

Қала бойынша ыңғайлы қатынау үшін такси қызметтерін пайдалануға болады. Uber (iOS және Android) және Яндекс Go (iOS және Android) қосымшалары таксиге онлайн тапсырыс берудің ең қолайлы әрі кең таралған сервистерінің бірі болып табылады.

НАМАЗХАНА

Намаз оқуға арналған арнайы бөлме The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінің 30-қабатында орналасқан.

СІЗДЕРГЕ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕРІҢІЗГЕ ТАБЫСТЫ ДАМУ МЕН KIOGE 2026 КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА СӘТТІ ҚАТЫСУДЫ ТІЛЕЙМІЗ!

«Iteca» ЖШС
Телефон: +7 727 258 34 34
Web-site: http://kioge.kz/
Ольга Реморенко +7 701 776 17 78

In   Youtube   Instagram  FaceBook

 

Бұл хабарлама сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберілді. Ол Iteca компаниясының көрмелерінің бірінде тіркеу формасын толтыру арқылы немесе жалпыға қолжетімді дереккөздерден алынған ақпарат негізінде жіберілді. Бұл таралымнан бас тарту үшін «Жазылымнан бас тарту» атты тақырыбымен хатты Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мекенжайына жіберіңіз.