29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы

Ресми сәлемдесу 2020

kazenergy

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы атынан, 2020 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан арасында Алматы қаласында өтетін 27-ші KIOGE 2020 Қазақстандық халықаралық көрмесі және конференциясының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына өзімнің қошеметімді және құрметімді білдіруге рұқсат етіңіздер.

Өткізілу тарихы 26 жылға созылған Мұнайлы Қазақстанның дәстүрлі әрі беделді оқиғасы, отандық және халықаралық мұнай-газ қоғамдастығының маңызды өкілдері мерзімді жиналатын, өз деңгейінде бірегей көрмелік алаң.

KAZENERGY қауымдастығы салалық бірлестіктермен де серіктестермен ынтымақтастықта және қолдауда белсенді саясатты ұстанады, сонымен қатар серіктестерінің іскерлік шараларына тікелей қатысады. KIOGE, Қауымдастық мүшелерінің өз жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісетін, өздерінің өзекті қажеттіліктерін жеткізетін, серіктестер табатын, Қауымдастықтың іскерлік оқиғаларының ажырамас бөлшегіне айналды.

Кезекті KIOGE-2020 дәстүрлі түрде KAZENERGY Қауымдастығының қолдауымен және тікелей қатысуымен өтеді.

Шараның іскерлік бағдарламасы, KAZAKHSTAN ENERGY WEEK/XII KAZENERGY Еуразиялық форумының және Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған шаралардың жұмыстарында да өзекті болған энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергия қорларының қолданыстағы және жаңа көздерін дамыту жөніндегі негізгі тақырыптарды, саланың маңызды сарапшыларының, трансұлттық компаниялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен талқылауды қарастырған.

KIOGE ұйымдастырушылары мен қатысушыларының барлығына шын ықыласпен жемісті жұмыс, шараны сәтті өткізуді және Алматыдағы алдағы оқиғадан күткен нәтижелерге қол жеткізуіңізді тілеймін!

KIOGE көріскенше!

KAZENERGY Қауымдастығы
Бас директоры

Акчулаков Б.У.


KazServices

Құрметті әріптестер!

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы (KazService) атынан «Мұнай және газ» KIOGE-2020 27-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі және конференциясының барлық қатысушыларына және қонақтарына қош келдіңіздер деймін!

Мұнай сервистік нарығы аталмыш көрмені ұзақ үзілістен кейін асыға күтті. Оған себеп – мұнай газ саласының барлық негізгі ойыншыларын бір жерден табуға беретін бірегей мүмкіндік. KIOGE оператор компаниялардың, олардың құрылымдық бөлімшілерінің, мемлекеттік органдардың және ірі тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың жеткізушілерінің бірінші басшыларының басын қосатын мұнай-газ саласындағы ең ірі іс-шара.

KazService KIOGE ұйымдастырылуына жылда қолдау көрсетуде және Iteca компаниясымен әріптестікті мақтан тұтады. Дәстүр бойынша көрме қатысушылары үшін арнайы «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Оперэйтинг» және «Норт Каспиан Оперэйтинг Компани» тәрізді ірі операторлардың бас мердігерлерімен В2В кездесулері ұйымдастырылады. Бас мердігерлердің барлығы дерлік Одағымыздың мүшесі екендігін ескере отырып, бұл іс-шараға мұнай сервистік нарығының ірі ойыншыларын тарттық.

KIOGE 2020 әр қатысушысы өз компаниясы үшін пайдалы, жаңа жемісті таныстыққа қол жеткізетініне сенімдіміз. KazService одағы әрқашан қазақстандық және халықаралық мердігерлердің арасындағы әріптестікті дамытуға дайын.

Рашид Жақсылықов
Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының (KazService)
Төралқа төрағасы